Астанада қаза болған өзбектерді еске алды

Астанада қаза болған өзбектерді еске алды

Астанада қаза болған өзбектерді еске алды
ашық дереккөзі
227
Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігінің және "Алтын Орда" бизнес-клубының өкілдері автобус апатынан қаза тапқан өзбекстандықтарды еске алып, Астанада 52 ағаш отырғызды. "Қайғылы оқиға болған күні Қазақстан үкіметі мен бүкіл халық көмегін аямады. Қазақстанның тиісті органдары қажетті шаралар қабылдады. Бүгінгі шара - екі ел арасындағы достықтың нышаны іспеттес. Біз бұл туралы марқұмдардың отбасыларына айтуымыз керек", - деді Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязхожаев. Еске салайық, биыл 18 қаңтарда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде жолаушы автобусы өртенді. Қазақстандық биліктің мәліметі бойынша, автобуста 57 адам болған, соның 52-і қаза тапты. Барлығы - Өзбекстан азаматтары. Сәуір айының соңында жолаушы автобусының жүргізушісін қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды. Қазақстандық билік нұсқасы бойынша, қайғылы оқиғаға отты салақ ұстаудан шыққан. Автобус салонын жылыту үшін дәнекерлейтін шам пайдаланылған

Серіктес жаңалықтары