Қаржы пирамидасын құрған алаяқ 87 млн. теңге жымқырды

Қаржы пирамидасын құрған алаяқ 87 млн. теңге жымқырды

Қаржы пирамидасын құрған алаяқ 87 млн. теңге жымқырды
ашық дереккөзі
267

Атырау қаржы пирамидасын қүрып, тұрғындарының 83 млн. теңгесін қолды қылған алаяқтың ісі бойынша сот ісі басталды. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызмет таратқан хабарламаға сүйенсек, Атырау қаласының №2 сотының өндірісіне 134 жәбірленушінің қаражатын жымқырған 40 жасар азаматқа қатысты қылмыстық іс келіп түскен. Айыптау актісінде көрсетілгендей, Ж.К. қылмыстық жолмен асар ірі мөлшерде табыс табу мақсатында 2014 жылы «Playtcoin» жауакершілігі шектеулі серіктестігін ашқан. Серіктестіктің құрылтайшысы да, директоры да – алаяқтың өзі. ЖШС-нің банк ретінде мемлекеттік тіркелуге рұқсаты және банк қызметін атқаруға берілетін арнайы лицензиясы жоқтығына қарамастан, заңсыз банктік операцияларды орындап, азаматтардан қаражат қабылдауды жүзеге асырып отырған. Ол салымшыларды сендірудің барлық амалын жасаған. “Арнайы кеңсе ашып, ғаламтордағы сайты арқылы үстеме пайызбен қайтарылатын салым берілетіні туралы жарнама таратады. Алданған халықтың қаржысы оның жеке есеп шотына және телефон нөмірінің есеп шотына түсіп отырған”, – деп атап көрсетілген хабарламада. Осылайша әккінің қалтасына 83 миллионнан астам ақша түскен. Оған Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы және 217-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен айып тағылып отыр.

Серіктес жаңалықтары