Жас футболшыларды жігерлендіретін турнир

Жас футболшыларды жігерлендіретін турнир

Жас футболшыларды жігерлендіретін турнир
ашық дереккөзі
535
«Астана-Арена» стадионында «Coca-Cola Былғары Доп» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ең үлкен футбол турнирінің қорытынды кездесуі өтті. Қазақстан астанасы Астана қаласына чемпиондық атақ үшін 300-ден астам бала келді.  Іріктеу сынынан сүрінбей өткен 16 команда 4 топқа бөлініп, оның әрқайсысы төрт төрттен командаларға бөлінді. Өз топтарында бірінші орын алған командалар жартылай финалға шықты, ал олардан үздік танылғандар ақтық бәсекеге қатысып, турнирдің 2017-2018 жж. маусымының чемпионын анықтады.  Финалдық кездесу Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылы №89 орта мектебі және Астана қаласының № 37 орта мектептері командалары арасында орын алды. Матч шиеленісті, қатал күрес түрінде өтті, екі тарап та жеңілгісі келмеді. Оңтүстік Қазақстан командасы жеңімпаз атанды. Салтанатты марапаттау рәсімінде Астана қаласына финалға қатысу үшін келген облыстардың барлық команда-чемпиондары турнирдің құрметті қонақтарының қолынан грамоталармен мен медальдарды алды. Олардың ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас директоры Садық Мұстафаев, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Қазақстан футбол федерациясы балалар және жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Игорь Утробин және «Coca-Cola Былғары Доп» жобасының менеджері Азел Жәнібек бар. Салтанатты сөзінде Сейілда Байшақов жеңімпаздарды құттықтап, турнирдің барлық қатысушыларына одан әрі жетіле түсуін тіледі. Жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінен 450 000 астам жас жеткіншектер қатысатын Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболының ең ауқымды турнирі. Жалпы, 2006 жылдан бастап турнирге бүкіл Қазақстаннан 1 миллион үш жүз мыңнан астам бала қатысқан. «Coca-Cola Былғары Доп» республикалық турнирінің басты міндеті қазақстандық жас ұрпақтың спорттық дағдыларын дамытумен қатар, жасөспірімдердің физикалық және психологиялық дамуы үшін өте маңызды белсенді өмір салтын қолдау болып табылады. Бұл міндеттер біздің елімізде турнирдің тұрақты серіктесі - Coca-Cola компаниясының қолдауымен белсенді түрде алға жылжуда.  - Біздің серіктестеріміз - Қазақстан Футбол Федерациясы және Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен бірлесіп, балаларымыз үшін тамаша футбол атмосферасын құруға тырысамыз. Біз балалардың қуанышқа толы және жағымды эмоцияларды сезінуін қалаймыз. Турнирді 10 жылдан астам уақыт өткізіп келеміз және жыл сайын оны жаңа идеялармен толықтыруға тырысамыз. Биыл балаларға «Coca-Cola Былғары Доп Camp» бірегей лагері ұйымдастырылды, онда балаларға арналған қызықты және танымдық іс-шаралар өткізілді. Біздің жобамыздың басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жеткіншектерге өз уақытын лагерьде өткізу қаншалықты пайдалы және қызықты екендігін көрсетуді міндет еттік. Биыл балалар елордамыздың ең көрікті жерлерін аралады, 2018 жылғы турнирімізді Астананың 20 жылдық мерейтойына арнадық,- деді «Coca-Cola Былғары Доп» жобасының менеджері Азел Жәнібек баспасөз-конференциясы барысында.    - Бұл ең алдымен, әлеуметтік жоба екендігін айта кеткім келеді. Сoca-Сola компаниясы бұл бастаманы балалар үйге «байланбай», спортпен, футболмен шұғылдансын деп жүзеге асырып отыр. Бұған қоса, БАҚ өкілдерін осы жарысқа көрсеткен  қызығушылықтары мен ақпараттық қолдауына алғысымды айтамын, сіздер маңызды рөл атқарасыздар,- деді Қазақстан футбол федерациясы балалар және жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Игорь Утробин баспасөз-конференциясында.      Іс-шара Қазақстан футболының ардагерлері мен журналистер арасындағы жолдастық матчымен аяқталды. 25 минуттан тұратын екі таймда қазақстандық журналистер ұжымы 4:2 есебімен қарсыластарын жеңді.  

Серіктес жаңалықтары