63 жастағы қария жеңгетайлықпен айналысқан

63 жастағы қария жеңгетайлықпен айналысқан

63 жастағы қария жеңгетайлықпен айналысқан
ашық дереккөзі
790

63 жастағы Ақтөбе тұрғыны жеңгетайлықпен айналысып, қыз-келіншектердің тәнін саудалаған. Теміржол вокзалы маңындағы пәтерлердің бірінде саудасын дөңгелеткен қарияның қоластында жұмыс істейтін «қызметкерлерінің» жасы 28 бен 36-ның аралығында. Облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері күдіктіні оқиға орнында ұстады. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдиннің айтуынша, жедел алдын-алу шарасы кезінде жезөкшелерден 4 мың теңге тәркіленген. «Ақша заттай айғақ ретінде қылмыстық іске тіркелді. Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің «Жеңгетайлық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал күдіктіге қаладан шықпау туралы бұлтартпай шарасы қабылданылды»,––дейді А.Уайдин. Айта кетейік, қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алу, жыныстық қызмет ұсыну, тіленшілікпен айналысу, бал ашу дерегі тіркелсе, 20 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.Сондай-ақ 5 күнге қамау жазасы да қолданылады. Ал шетелдіктер дәл осы заңбұзушылықпен ұсталса, бірден 5 тәулікке темір торға тоғытылып, елден қуылады.ҚР Қылмыстық кодексі бойынша жеңгетайлықпен айналысқан адам 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл өтейді. Осыншама қаражатты жезөкшелікпен айналысуға жағдай туғызған адам да өтейді.

Серіктес жаңалықтары