Түркіменстан: тарыққан халық алтын әшекейлерін сатып жатыр

Түркіменстан: тарыққан халық алтын әшекейлерін сатып жатыр

Түркіменстан: тарыққан халық алтын әшекейлерін сатып жатыр
ашық дереккөзі
301
Түркіменстанда ақшаға тарыққан халық алтын әшекейлерін сата бастады, деп хабарлады Азаттықтың түркімен қызметі (Азатлык). "Базардағы саудагерлерде совет заманындағы алтын бұйымдар көбейді. Ақшаға тарыққан халық алтын жүзіктері мен сырғаларын сата бастаған", - деп хабарлады Лебап облысындағы Азатлык тілшісі. Оның айтуынша, саудаланып жатқан алтын бұйымдардың дені 80-жылдары немесе одан ерте уақытта жасалған.​ "Бағалы бұйымдардың түсі сары немесе ақ емес, қызғылт-сары түсті алтын. Анартас орнатылған жүзіктер, "тарақан" деп аталатын сырғалар. Сырғалар ілініп жабылады, қайта ашылуы қиын. Әрине, ешкім өзімен бірге лупа алып жүрген жоқ, бірақ онсыз да жұлдыз сынамасын байқауға болады", - деді Түркіменабаттағы алтын маманы. Түркіменстанда ломбард жоқ. Халықтың бағалы заттарын алтын сатушылардың өздері сатып алып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда, 585 және 583 сынамалы ресейлік алтынға сұраныс жақсы. Аймақ тұрғындары алтын бағасы өскенін айтты. Жекелеген адамдардан алтынның бір граммын қазір шамамен 200 манатқа (шамамен 57 доллар) сатып алуға болады. Соңғы уақытта Түркіменстаннан шетелге алтын контрабандасы жиілеген. Бұған дейін хабарланғандай, Үндістан астанасындағы халықаралық әуежайда 19 келі алтынды контрабандалық жолмен өткізуге талпынған 28 түркімен азаматы ұсталған.        

Серіктес жаңалықтары