12 Мамыр 2018, 22:32 730 0 Спорт Назым Тойлыбаева

Аида Сатыбалдинова кәсіби бокстағы чемпиондық титулына қол жеткізді

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова жеңіл салмақта Дүниежүзілік бокс федерациясының (WBF) белдігі үшін Мексикада жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы мексикалық 18 жастағы боксшы Аннетт Пабелло болды, онымен Сатыбалдинова кәсіби рингте бұған дейін де жұдырықтасып, ұпай бойынша жеңген.

Бастапқыда қазақстандық боксшы қыз басқа қарсыласпен жұдырықтасуы тиіс болған, алайда ол кездесуден бас тартыпты. Оның орнына Пабелло шықты.

Аннеттке қарсы жекпе-жек сегіз раундқа жалғасты, нәтижесінде төрешілер бір ауыздан жеңісті Сатыбалдиноваға берді

Соңғы жаңалықтар