11 Мамыр 2018, 12:29 564 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Ерлан Сағадиев ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 15 мамырда Қазақстанда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда 15 мамырда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді, бұл екінші мәрте өткелі жатыр. Орта есеппен 10-15 пайызы (ата-аналар жиналысына) қатысады.

2017 жылы жалпыұлттық ата-аналар жиналысына 80 пайыз мектеп оқушыларының ата-анасы қатысты, бұл жақсы нәтиже. 2018 жылы осы көрсеткішті қайталауды жоспарлап отырмыз", - деді ведомство басшысы.

Ерлан Сағадиев жұмыс берушілерге ата-аналар үшін жұмыс күнін қысқартуды сұрады.  "Министрлік тарапынан барлық жұмыс берушіден, оның ішінде меморгандардан осы күні ата-аналарды ертерек жұмыстан жіберуін сұраймыз. Олар мектепке барып, ата-аналар жиналысына қатысып, балалары оқитын мектепті өмірімен танысса дейміз", - деді министр.

Соңғы жаңалықтар