Бішкектегі Ош базараның саудагерлері тағы да пикетке шықты

Бішкектегі Ош базараның саудагерлері тағы да пикетке шықты

Бішкектегі Ош базараның саудагерлері тағы да пикетке шықты
ашық дереккөзі
Қырғызстан парламенті ғимаратының алдында Ош базарына қарасты "Берекет" шағын базарының сатушылары пикет ұйымдастырды. Өрттен зардап шеккен жүзге жуық адам көмек сұрайды. Саудагерлер биліктен ешкім көмектеспей отырғанын алға тартты. "Біріншіден, біздің орынды қалпына келтірсін. Екіншіден, өтемақы талап етеміз. Біз ақшасыз қалдық. Әрі қарай қалай жұмыс істейміз? Бізге ссуда бөлсін", - деді саудагерлердің талаптарын жеткізген Рыскүл Мокенова. 13 сәуірде "Берекет" шағын базары өртеніп, онда шамамен 300 саудагер шығынға батты. Үкімет олардың сауда нүктелерін қайта қалпына келтіруге, жеңілдікпен несие алып беруге уәде еткен. Өрттен соң "Берекет" базарының директоры Рафкат Момункулов пен техникалық қауіпсіздік жөніндегі маман Рашит Сапаев ұсталды. Жыл басынан бері Ош базарында үш мәрте ірі өрт тіркелді. 30 қаңтар мен 5 наурызда "Сейтек" базары екі мәрте өртенсе, 13 сәуірде "Берекет" зардап шекті. Ішкі істер министрлігі базарларды әдейі өртеген деген нұсқаны тексеріп жатыр.