10 Мамыр, 14:12 923 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Қазақстанда ең көп тараған фамилияларды білесіз бе?

Қазақстанда ең көп тараған фамилиялар белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Әділет министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда ең көп тараған фамилия — Ахметов. Мұндай фамилиямен 73 627 адам өмір сүреді екен. Екінші орында — Омаровтар, 45 123 қазақстандықтың тегі — Омаров. Үшінші орынға Ким фамилиясының шығуы мені таңғалдырды. Мұндай фамилиямен Қазақстанда 42 274 адам тұрады.

Ең көп тараған фамилиялардың төрттігіне Оспановтар енген. Бүгінде 41 068 қазақстандық осындай фамилияға ие екен. Бестікті 39 296 адаммен Ивановтар тегі тұйықтап тұр.

Одан кейін Әлиев — 36 084 адам, Сүлейменов — 33 940, Ысқақов — 31 988, Әбдірахманов — 29 091, Ибрагимов- 28 755, Қалиев — 28 219, Садықов — 27 810, Ибраев — 26 531, Кузнецов — 25 990, Попов — 24 956, Смағұлов — 24 005, Абдуллаев — 23 729, Исаев — 22 910, Сұлтанов — 22 808, Юсупов — 22 763, Исмаилов — 21 392, Нұрғалиев — 21 133, Кәрімов — 20 575 адам.

Ал Мұрат тегімен Қазақстанда 10 006 адам тұрады екен.

 

Соңғы жаңалықтар