10 Мамыр 2018, 13:47 575 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

ОҚО-да экстремистік мәндегі материалдар таратқан 8 азамат ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік мәндегі материалдар таратқан 8 азамат ұсталды, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

10 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ОҚО ІІД ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, бірқатар облыс ауданында экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 азаматты ұстады.ҚР ҚК-нің «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар