9 Мамыр 2018, 15:37 554 0 Сыртқы саясат Назым Тойлыбаева

Трамп АҚШ-тың Иран келісімінен шыққанын хабарлады

АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі бірлескен жоспарынан шығады, деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі баспасөз конференциясы кезінде, деп хабарлайды centralasian.org.

"Келісім Иранға өзінің ядролық бағдарламасын кеңейтуге ғана жол ашты. Ол келісімде маңыз жоқ. Иранның уәдесі өтірік екенін біз дәлелдей аламыз. Бұл бейбітшілік әкелмеген біржаққты келісім болды. Ол ешқашан бейбітшілік әкелмейді. Мен бұл келісімнің қалуына жол берсем, онда ол бүкіл Таяу Шығыста ядролық қарулану жарысына алып келеді. Мен АҚШ-тың ядролық келісімнен шыққанын жариялаймын", - деді Трамп.

АҚШ президентінің айтуынша, Иран билігі бірлескен ережені қайта қараудан бас тартқан. Сонымен бірге ол Тегеран райынан қайтса, жаңа шарттармен жаңа келісім жасауға дайын екенін айтты.

Трамп Иранға қарсы санкциялар қабылданып, бірден күшіне енетінін мәлімдеді.

Ол Иранды "Хезболла", "Хамас", "Талибан" және "Әл Каеданы" қолдағаны үшін терроризм демеушісі деп атады. Дей тұрғанмен Трамп АҚШ-тың "авторитарлық жүйе басып алған" Иран тұрғындарын жақтайтындығын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар