8 Мамыр 2018, 11:12 773 0 Технологиялар Назым Тойлыбаева

Алматы облысында пошта дронын алғаш рет сынақтан өткізді

Алматы облысында пошта дронын алғаш рет сынақтан өткізді. Бірінші ұшырғанда аппарат құлап түсті. Бірақ екінші рет сәтті ұшқан. Сынақ алаңында вице-премьер Асқар Жұмағалиев пен "Қазпошта" басшылары болды.

 

"Қазпошта" басшылары бұл тәжірибені әрі қарай жалғастырып, Қазақстанның төрт облысына пошта дронын тестілеуді жетілдіре береміз дейді. Ұшқышсыз ұшақ тест режимінде сегіз ай бойында жұмыс істеп келеді екен. Бірақ оны жасаушылар жаңа модельді ұсынған. Бұл ескі модельден 80 шақырымға ұзақ ұшады әрі 4 келіге дейін жүкті көтере алады.

"Қазпошта" басшысы Серік Сарсенов жаңа аппараттар газет пен журналдар басылып шыққан күні жазылушыларына дер кезінде жеткізе алады дейді. Дронға баспадан жаңа шыққан газеттерді бірден жүктейді, ол діттеген жеріне барып, автоматты түрде тауарды тастайды. Сол жерден пошташылар жинап алады."Біз оның үстіне жасыл технологияны дамытып жатырмыз",- дейді Сарсенов.

"Қазпошта" үшін дрондарды қазақстандық Adrome Automation компаниясы жасап шығарған. Оның бас директоры Алексей Ким құрылғыны өзіміз жинаймыз дейді. Оның сөзінше, бір дронның құны 5 мың доллар тұрады.

Сәуір айының басында "Ресей поштасы" да бірінші рет тауарды дронмен жеткізбек болған. Сынақ халқы аз әрі қашықтықта орналасқан Бурятияда өтті. Дрон екі келі жүкті 60 шақырым жерге жеткізу керек болған. Бірақ алғашқы сынақ кезінде аппарат үйдің төбесіне құлап түскен.

 

Соңғы жаңалықтар