16 Сәуір 2018, 10:17 731 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

21 жастағы семейлік қызды пойыз қағып кетті

sputniknews.kz
sputniknews.kz

13 cәуір күні түнде Семейде 21 жастағы бойжеткенді пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, оқиға түнгі он екілер шамасында Rich қонақ үйінің маңында болған.

Теміржол өткелінде пойыз қағып кеткен қыз шұғыл ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Қазір оның жағдайы "орташа ауыр" деп бағалануда.

"Қыздың пойыз астына қалай түскені анықталып жатыр", — деді Семей қаласы стансасындағы желілік ішкі істер бөлімі.

Аталған фактіге қатысты тергеу жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар