АЛАШТЫҢ СЫЙЛЫҒЫ — АЛАШТЫҢ АЗАМАТТАРЫНДА

АЛАШТЫҢ СЫЙЛЫҒЫ — АЛАШТЫҢ АЗАМАТТАРЫНДА

АЛАШТЫҢ СЫЙЛЫҒЫ — АЛАШТЫҢ АЗАМАТТАРЫНДА
ашық дереккөзі
324

Осыдан бiрер уақыт бұрын “Ел-шежiре” ҚҚҚ “Алаш және рух” бәйгесiн ұйымдастырған едi. Бәйгенiң мақсаты — Алаш қозғалысының тоқсан жылдығына орай Алаш мұрасын зерттеу, Алаш қайраткерлерiн қайта тiрiлту, алаш үнiн қоғамға жеткiзу.

Осы орайда өткiзiлген бәйге де мәресiне жеттi. Төрт бiрдей басылымда жарияланып келген материалдардың бәрi де бiр-бiр сыйлыққа пара-пар дүниелер. Оны сыйлықты табыстау рәсiмiнде сөз алған жазушы Дидахмет Әшiмханұлы да жоққа шығармайды. Аталмыш бәйгенi ұйымдастыруға себепкер болған “Ел-шежiре” қоры болса, оның төрағасы белгiлi тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдi мен “Ел-шежiре” қорының президентi жазушы Дидахмет Әшiмханұлы екенi белгiлi. Ол кiсiлер бәйгенi ұйымдастырып қана қоймай, алаш мұрасын зерттеу мәңгiлiк тақырып екендiгiн оқырман жадына тағы бiр рет еске салды.

Сонымен, алаш мұрасын зерттеген белгiлi ғалымдар, қаламгерлер, тiлшiлер алаш сыйлығын жеңiп алды. Олардың қатарында: “Ең үздiк ғылыми және публицистикалық мақалалар үшiн” номинациясы бойынша, I орын — 100 000 теңге — Мiржақып Дулатов (“Түркiстан” газетi) мақаласы үшiн Тұрсын Жұртбайға;

II-орын — 75000 теңге — “Хан тұқымынан шыққан большевик” (“Жас қазақ” газетi), “Тiрiлей көмiлген тұлға” (“Жас қазақ”) мақалалары үшiн Мәриям Әбсаттарға,

II орын — 50 000 теңге — Зәки Уәлидiң “Естелiктер” мақаласын (“Түркiстан” газетi) аударып дайындағаны үшiн Дархан Қыдырәлiге берiлдi. Сондай-ақ, бұл номинация бойынша ынталандыру сыйлығы үш адамға берiлдi.

1. “Сталинмен келiссөз жүргiзген тұлға”, “Ресей құрылтайы” (“Алматы ақшамы” газетi”) мақалалары үшiн Нұржан Қуантайға,

2. “Уәлитхан Танашев” (“Жас қазақ” газетi) мақаласы үшiн Өтепберген Әлiмгеревке,

3. “Алаш және Созақ көтерiлiсi” (“Түркiстан” газетi) мақаласы үшiн Сүлеймен Тәбрiзұлына берiлдi.

Екiншi, “Ең үздiк әдеби шығармалар үшiн” номинациясы бойынша:

I орын — 100 000 теңге — “Кек” әңгiмесi (“Әдебиет айдыны” газетi) үшiн Тұрсынәлi Рыскелдиев,

II орын — 75 000 теңге — “Зоопарк” әңгiмесi (“Түркiстан” газетi) үшiн Қоғабай Сәрсекеев,

III орын — 50 000 теңге — “Қой мен гүл” әңгiмесi (“Әдебиет айдыны” газетi) үшiн Қуандық Түменбай иемдендi. Бұл номинация бойынша да төрт ынталандыру сыйлығы берiлдi. Олардың қатарында “Қанмен жазылған конституция” туындысы үшiн Шәкен Күмiсбаев, “Алаш ұлы” әңгiмесi үшiн Дәлелбек батыр, “Алаш десем” өлеңiмен Саят Қамшыгер, “Толқын” өлеңi үшiн Серiкжан Қажи иемдендi.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары