Аустралия ЖИ жасаған әндерді музыкалық чарттарға енгізуге тыйым салды

/
Аустралия ЖИ жасаған әндерді музыкалық чарттарға енгізуге тыйым салды
сурет: istockphoto.com

Аустралияның дыбыс жазу индустриясы қауымдастығы (ARIA) жасанды интеллект тұтас немесе негізгі шығармашылық бөлігін жасаған әндерді елдің ресми музыкалық чарттарына енгізбеу туралы шешім қабылдады. Жаңа талап 2026 жылғы 31 тамыздан бастап күшіне енеді және ARIA музыкалық жүлдесіне де қолданылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл мемлекеттік деңгейдегі тыйым емес. ARIA қабылдаған ережеге сәйкес, рейтингке қатысатын туындының басым бөлігі адам еңбегімен жасалуға тиіс. Әннің мәтіні мен музыкасын адам жазып, негізгі вокал мен басты аспаптық партияларды музыканттар орындауы керек. Ал дыбысты өңдеу, шеберлеу немесе жекелеген қосымша элементтерді жасау кезінде ЖИ құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.

ARIA ЖИ көмегімен жасалған және ЖИ толық жасаған музыканы ажыратпақ. Негізгі вокалды, басты аспаптық партияны немесе композицияның өзге де шешуші бөліктерін нейрожелі құрастырса, мұндай жазба ресми рейтингке жіберілмейді. Сондай-ақ әннің тыңдалым көрсеткіштерін жасанды көбейту белгілері болмауға тиіс. 

Ережені өзгертуге австралиялық диджей Джош Фауаздың Madonna орындайтын Like a Prayer әніне жасаған ЖИ-нұсқасына қатысты дау түрткі болды. Туынды ARIA-ның би музыкасы чартында бірінші, жалпы австралиялық синглдер рейтингінде екінші орынға дейін көтерілген. Сыннан кейін музыкант әнді дайындау барысында генеративті ЖИ қолданылғанын көрсетуге мәжбүр болды. Associated Press мәліметі

ARIA басшысы Аннабель Хердтің айтуынша, жасанды интеллект музыканттардың шығармашылық құралы ретінде қолданыла алады. Алайда өзге орындаушылардың жазбалары негізінде оқытылған жүйелер тұтас жасап шығарған әндерді адам еңбегімен тең дәрежеде бағалау дұрыс емес.

Бұл шешім ЖИ музыкасының стриминг сервистерінде күрт көбейген тұста қабылданды. SubmitHub платформасы шілдеде талдаған миллионнан астам тректің 23,2 пайызы толығымен ЖИ арқылы жасалғанын, тағы 15,3 пайызында нейрожелі құрастырған аудионы адамдар өңдегенін хабарлады. Жалпы үлес 38,5 пайызға жеткен. Дегенмен бұл көрсеткіш платформаның жеке детекторы мен өзіне түскен әндерге негізделгендіктен, оны әлемдегі бүкіл жаңа музыканың нақты үлесі деп қабылдауға болмайды. Зерттеу туралы мәлімет

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар