ТӘРТIПТIК КЕҢЕСТЕР ТАМЫРЛАНҒАН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕҢЕ АЛА МА?

ТӘРТIПТIК КЕҢЕСТЕР ТАМЫРЛАНҒАН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕҢЕ АЛА МА?

ТӘРТIПТIК КЕҢЕСТЕР ТАМЫРЛАНҒАН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕҢЕ АЛА МА?
ашық дереккөзі
388

Сыбайлас жемқорлық нарықта қатынасқа көшудi қолға алған елдердiң бәрiне тән жексұрын құбылыс. Оны түбегейлi, бiржола жеңу мүмкiн емес, әзiрге ешбiр ел оның тамырына толықтай балта шаба алған жоқ, дегенмен, сыбайлас жемқорлықты мейлiнше ауыздықтауға аянбай күш жұмсау қажет.

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiкке қол жеткiзген күннен бастап-ақ жалпы қылмыспен қатар сыбайлас жемқорлық та жас мемлекетiмiздiң аяғынан шалуға ұмтылған зұлым күшке айналғаны белгiлi. Осыған байланысты елiмiздiң жоғарғы билiгi аталмыш зұлымдықпен еш аяусыз және үздiксiз күрес жүргiзiп келедi және кең тамыр жайған жемқорлыққа қарсы күрес iшкi саясатымыздың басты бағыттарының бiрi болып отыр. Оған қосымша мемлекеттiк басқару жүйесiнiң өзiнде де терең реформалар жүргiзiлуде. Елбасының 1997 жылғы 21 қазандағы “ҚР Жоғары тәртiптiк кеңесi туралы” Жарлығы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен заң бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйенiң алғашқы қадамы деп санаған жөн. Бұл уақытқа дейiн де аталмыш әлеуметтiк кеселге қарсы күрес жүргiзiлмедi деудiң жөнi жоқ. Әйткенмен, бұл бағыттағы әрекеттерiмiз әлсiздеу, жетiмсiздеу болғанын жасырмау керек.

Елiмiздегi сыбайлас жемқорлықтың жалпы деңгейi айтарлықтай жоғары болып қала бердi, ал деректер зұлым кеселге қарсы күрес тар деңгейде жүргiзiлетiнiн, жүйелiлiк қалыптаспағанын, тiптi, кейде бұның науқандық шараға ғана айналатынын көрсетiп келген-дi.

Президент жанындағы Жоғары тәртiптiк кеңес құрылуының басты мақсаты — мемлекеттiк тәртiптi нығайту, мемлекеттiк қызметкерлердiң жауапкершiлiгiн арттыру, олардың билiгiн және қызмет жағдайын асыра пайдалануына тосқауыл қою болып табылады. Аталмыш құрылымның құрамына республикамызға есiмдерi мәлiм, беделдi тұлғалар, жетекшi бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның белсендi өкiлдерi енiп отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiнiң қалыптасу кезеңiндегi маңызды қадам ретiнде түрлi аймақтарда Тәртiп кеңестерiнiң құрылуын атаған абзал. Мұндай кеңестер қалыптасуының бiрқатар басты себептерi бар. Халықпен қоян-қолтық жұмыс iстейтiн мемлекеттiк құрылымдар көбейдi, ал жемқорлыққа қарсы күресте жергiлiктi атқару органдарының белсендiлiгi жеткiлiксiз болып қала бердi. Олар бұл мәселеде мемлекеттiк деңгейге көтерiле алмай, қабiлетсiздiк танытты және бұл маңызды мiндеттi үстiрт атқарып келдi.

Тек Елбасының саяси ерiк-жiгерiнiң арқасында ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты күрес барлық мемлекеттiк органдар қызметiнiң аса маңызды бағыты ретiнде қалыптасты.

Бүгiнгi таңда алдымызға жауапты жаңа мiндеттер қойылып отыр. Биылғы жылдың 17 қаңтарында “Нұр Отан” партиясы Саяси кеңесiнiң кеңейтiлген мәжiлiсiнде Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаев мұны кеңiнен таратып көрсетiп, парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi өрiстетуге шақырды.

Қазiргi сәтте ҚР Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi агенттiктiң рөлiн күшейту мемлекеттiк қызметтер жүйесiндегi болашақ барлық өзгерiстердiң iргетасы болмақшы.

Ең әуелi саяси шешiмдер қабылдау жолдарын, стратегиялық жобалауды нығайту үшiн бiлiктi мамандар iрiктеу жұмыстарын күшейту қолға алынбақшы.

Барлық мемлекеттiк органдардың кадрлер қызметiне Агенттiктiң әдiстемелiк басшылығы мемлекеттiк тәртiптi нығайтуға жол ашатыны күмәнсiз.

Агенттiктiң негiзгi сара бағыттарының бiрi — бiлiктi мамандардың қызметтегi өсуiнiң жүйелi жолын қамтамасыз ету, атқарған еңбегi үшiн марапаттау арқылы мемлекеттiк қызметкерлердi дайындау болмақшы.

Мемлекеттiк қызметкерлердiң күнделiктi қызмет орнына бос келiп қайтуы емес, нақты нәтиже үшiн еңбегiнiң бағалануы мемлекеттiк органдарда бәсекелестiктi күшейтетiнiне күмән жоқ, ал қай жерде әдiл бәсекелестiк болса, сонда сапа да көп күттiрмейтiнi мәлiм.

Мемлекеттiк қызметтердiң Президент ұсынған жаңа жобасында Тәртiптiк кеңестерге айрықша мән берiлген. Бiрiншiден, Тәртiптiк кеңестер азаматтарды (қызметтердi тұтынушыларды) шенеунiктiк бассыздықтан қорғаушы қызметiн атқарады. Оның үстiне мемлекеттiк қызметкерлерге қойылар жаңа талаптарды жеткiзедi, БАҚ-тар арқылы азаматтардың қызметкермен өзара қарым-қатынасындағы құқықтары жөнiнде түсiнiк жұмыстарын жүргiзедi. Мемлкеттiк тәртiп саласындағы аса маңызды мәселелерге байланысты түрлi iс-шаралар ұйымдастыру аталмыш кеңестiң күнделiктi жұмыстарының басты бағыттарының бiрi.

Әрине, Тәртiптiк кеңес заң талаптарын орындай алмайтын немесе орындағысы келмейтiн мемлекеттiк қызметкерлердiң жауапкершiлiгiн қарайтынына күмән жоқ. Осы мiндеттердi орындау жолында Жамбыл облысындағы Қазақстан Республикасы агентiгiнiң Тәртiптiк кеңесi өз жұмысына сыбайлас жемқорлыққа жол беруге қарсы iс-шаралардың ашықтығы мен жариялылығы негiзiнде жүзеге асырып келедi.

Осыған орай Тәртiптiк кеңес пен “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы облыстық бөлiмшесi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Қабылданған меморандумға сай, сыбайлас жемқорлыққа жол берген мемлекеттiк қызметкерлер — партия мүшелерiнiң тiзiмi “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының облыстық бөлiмiнде қарауға жiберiледi.

Соңғы кездерi бiлiм беру жүйесi қызметкерлерi, жоғары оқу орындарының жастарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiнде бiрнеше кеңестер өткiздiк, мемлекеттiк қызметке жаңа қабылданған адамдардың салтанатты ант беруiн облыс көлемiнде ұйымдастырдық.

Атқарылған жұмыстарымыздың жариялылығы басшылар мен қызметкерлердiң жауапкершiлiгiн ұлғайтудың маңызды тетiктерiнiң бiрi ретiнде қарастырып отырмыз.

Тәртiптiк кеңестiң қызметiндегi ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылдың мамыр айынан берi көшпелi мәжiлiстер өткiзу жолға қойылды. Жуалы аудандық мемлекеттiк органдарының қызметiн кешендi тексеру нәтижелерi мен аудан әкiмiнiң есебi аудандық деңгейде, барша басшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi қатысқан көшпелi мәжiлiсте тыңдалды. Тәртiпсiздiкке жол берген 12 қызметкер тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды. Бiздiң сенiмiмiзше, мұндай шаралар ең тиiмдi әрi жемiстi әдiс болып қала бермекшi, өйткенi бұған ауданның барлық белсендi адамдары қатысады, ал тұрғындар Тәртiптiк кеңестiң алдында аудан әкiмiнiң есеп беретiнiнен жақсы хабардар болады. Бұл әдiстi болашақта да жалғастыра бермекшiмiз.

Атқарылған жұмыстардың жариялылығын қамтамасыз ету, Тәртiптiк кеңестiң жұмысын одан әрi жандандырып және оның нәтижелiгiн арттыру мақсатында кеңес мүшелерiнiң азаматтарды көшпелi қабылдауларын мейлiнше ұлғайтып отырмыз. Қысқаша айтсақ, биылғы жылдың 10 айында осындай 105 көшпелi қабылдаулар ұйымдастырылып, 299 азаматтың арыз-шағымдары қаралды. Мұндай игi шара қабылдауда болған азаматтар санының ұлғаюына әсерiн тигiзiп қана қойған жоқ, сонымен қатар Тәртiптiк кеңес жүргiзген жұмыстардан тұрғындардың кеңiрек хабардар болуына мүмкiндiк бердi.

Сонымен бiрге Тәртiптiк кеңес қызметiнiң нәтижелерi жөнiнде бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiрек ақпар беруге баса көңiл бөлiнiп отыр. Өткiзiлген мәжiлiстер және iс-шаралар жөнiндегi ақпарлардан бөлек, Тәртiп кеңесi мүшелерi мен секретариат қызметкерлерiнiң мақалалары белгiленген кестеге сай республикалық, облыстық және аудандық газеттерде үнемi жарияланып келедi. Биылғы жылдың 10 айында Тәртiптiк кеңестiң қызметi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында 270 рет түрлi жарияланымдар жарық көрдi. Оған қосымша бұқаралық ақпарат құралдарында ай сайын мемлекеттiк органдардың сенiм телефондары жарияланып тұрады.

Мұның бәрi тұрғындардың Тәртiптiк кеңес жұмысынан кеңiнен хабардар болуымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға да көмектесетiнiне күмәнiмiз жоқ.

Азаматтардың өтiнiшiн қарау тәртiбi жер-жерде үнемi бұзылатындықтан Тәртiптiк кеңес ҚР “Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы” жаңа Заңын жүзеге асыру жолдары жөнiнде кеңейтiлген “Дөңгелек үстел” отырысын өткiзiп, осы тақырыпқа орай бiрқатар семинар-мәжiлiстер ұйымдастырды. Өз тарапынан және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы тiркеулер жөнiндегi комитетiнiң басқармасымен бiрiгiп жүргiзiлген тексерулер нәтижесiнде азаматтардың өтiнiшiне қатысты 168 рет заң бұзушылық анықталып, осының нәтижесiнде Тәртiптiк кеңес кiнәлi адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде 92 ұсыныс жасады.

Кеңес жыл басынан бергi кезеңде 183 тексерудi жүзеге асырып, осының негiзiнде Тәртiптiк кеңестiң ұсынуымен 101 қызметкер және өзге адамдар тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды. Олардың iшiнде 16 адам сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықпен айыпталған-ды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк қызмет түрлерiн стандарттауға қатысты бiрқатар қаулы қабылдаған болатын.

Мемлекеттiк қызмет түрлерiнiң бекiтiлген стандарттары азаматтар үшiн мемлекеттiк қызмет түрлерiн өздерiне неғұрлым тиiмдi және сапалы деңгейде алуына жол ашпақ. Яғни, мемлекет — қамтамасыз етушi, ал азаматтар оның қызметтерiн пайдаланушы болатын жүйе өмiрге енгiзiлдi.

Бұл саланы бақылау да Тәртiптiк кеңестер арқылы жүзеге асырылатыны аян.

Сондықтан да биылғы жылдың өзiнде-ақ тұрғындарға мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдар тексерiле бастады. Өйткенi, кеңестiк кезеңде қалыптасқан азаматтардың шенеунiктерге кiрiптарлық қарым-қатынасы сыбайлас жемқорлықтың гүлденуiне жол беретiнiне бүгiнде еш күмән қалмай отыр.

Мемлекеттiк органдарды iшiнара тексерулердiң өзi Президент пен Үкiметтiң осы саладағы тапсырмаларын орындау облысымызда үлкен кешеуiлдеуге ұшырап отырғанын аңғартты. Тексеру жүргiзiлген кезеңде (мамыр-маусым айлары) көптеген облыстық, аудандық және ауылдық мемлекеттiк органдарға мемлекеттiк қызмет көрсету ережелерi мен уақыты бекiтiлмеген болып шықты, ауылдық округтер әкiмдер аппаратының қызмет түрлерi мен регламенттерi бекiтiлмеген. Тексеру нәтижелерi және Тәртiптiк кеңес ұсынысы бойынша 9 қызметкер тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды.

С.Ж.Жексенбаев

Серіктес жаңалықтары