ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ КЕШI ӨТТI

ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ КЕШI ӨТТI

ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ КЕШI ӨТТI
ашық дереккөзі
288

Өткен аптада Мемлекеттiк Қуыршақ театрында “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының, Алматы қалалық мәдениет басқарамасының қолдауымен, “Қаламгер азамат” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жас ақындар Мадияр Әбiлқайыр, Азат Әбiқай және Асхат Мұсабайдың “Өлеңiм — сезiм айнасы” атты шығармашылық кешi өттi.

Поэзия атты сыры терең әлемде қауырсын қаламды жанына серiк тұтқан жас ақындар Абай атындағы Республикалық мамандандырылған, дарынды балаларға арналған қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп интернатының түлектерi, елiмiздегi жоғары оқу орындарының 1-курс студенттерi. Сондай-ақ, рсепубликалық, халықаралық конкурстардың лауреаттары. Жастайынан өлеңге құштар шабыт иесi Асхат Мұсабай жүз жасаған Жамбыл бабамыздың туған жерiнде дүниеге келсе, Мадияр Әбiлқайыр “Қасиеттi қазақтың қара өлеңiн, шекпен жауып халқыма қайтарамын” деп жырлаған Қарасаздың төл баласы Мұқағали Мақатев ағасын пiр тұтады екен. Ал Азат Әбiқай Кенен туылған топырақтың түлегi. Кеш барысында жас ақындар бүгiнгi қазақ жастарының санасын улаған iшiмдiк, нашақорлық, толғауы тоқсан туған тiл жайындағы өз шығармаларын оқыды. Жастар арасында Батысқа елiктеушiлiк белең алып жатқан мына заманда өз жырымен оларды терiс пиғылдардан аластатуға тырысқан үш ақынды мектептегi, университеттегi мұғалiмдерi алғашқы шығармашылық кешiмен құттықтап, өнердегi әншi ағалары ақ тiлектерiн арнап, әннен шашу шашты.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары