БАС ҚАЛАДАҒЫ БАС КӨПIР
БАС ҚАЛАДАҒЫ БАС КӨПIР
Күнi кеше бас қалада ашылған үлкен көпiр халықтың игiлiгiне айналды. Жаңарған, жасарған көпiрдi ашуға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келiп қатысты.
— Құрметтi астаналықтар! Өздерiңiз, Астана тұрғындары көптен күткен, қайтадан салынған, жаңарған ескi көпiр, елордамыздың, Есiлдiң оң жағы мен сол жағын қосатын көпiр iске қосылды. Астанамыздың тағы да бiр үлкен нысаны, елдi қуантатын құрылыстың бiткенi құтты болсын! Құрылысқа қатынасқан құрылысшыларды, ең жоғарғы құрылғы-технологияны қолданған инженерлердi, менеджерлердi, қала әкiмшiлiгiн, баршаларыңызды осы көпiрдiң iске қосылуымен шын жүрегiммен құттықтаймын, — дедi Елбасы ашылу рәсiмiнде.
Бұл көпiр Астанадағы төртiншi көпiр болып саналады. Көпiрдi “Қазмостройсервис” ЖШС-нiң әзiрлеген жобасы бойынша өткен жылдың 31 мамырынан бастап, Түркияның “Ташяпы Иншаат Таххют Санаи ве Тиджарет” АҚ қолға алған екен. Көпiрдiң жалпы қүны 5 млрд. 850 млн. теңгенi құрапты.
Бас қаланың тұрғындарының саны күннен күнге өсiп келедi. Автокөлiктер саны тұрақсыз өсуде. Сондықтан, алдағы үш жылда тағы да 23 автокөлiк айырымдары, 25 жерасты өткiзгiштерi және 150 шақырым жаңа тас жолдарды салу жоспарға енгiзiлген.
“Астананы осы жерге көшiрген бастапқы кезде Есiлдiң оң жағалауына ғана көңiл бөлдiк. Одан берi сол жағалауда үлкен қала салынды. Екi жақты қосу үшiн көпiрлер керек болды, мiне, мынау ашылып отырғаны осымен төртiншi көпiр. Кезекте бесiншiсi тұр. Астананың өсуiне орай 2010 жылы тағы да бiрнеше көпiр, бiрнеше автомобиль жолдары салынатын болады”, – дедi Елбасы.
Астаналықтар көптен күткен көпiр де ашылды. Бiр қызығы, бұл көпiрдiң үстiнен бiр тәулiкте 50 мың автокөлiкке дейiн өте алады екен. Көпiрдiң екi жағындағы жаяу жүргiншiлерге арналған табанжолдардың да әрқайсысы 3 метрден болып келедi.
Гүлзина Бектасова