АЛЬЯНС БАНК 15-КЕ ТОЛДЫ

АЛЬЯНС БАНК 15-КЕ ТОЛДЫ

АЛЬЯНС БАНК 15-КЕ ТОЛДЫ
ашық дереккөзі
232

Бәсекелестiк нарығындағы алдыңғы қатарлы, ең үздiк банктердiң бiрi де бiрегейi Альянс Банкi өз клиенттерiн көптеген жақсы жаңалықтарымен қуантып жүргенiне биыл бақандай он бес жыл. “Болар бала он бесiнде баспын дер…” тұрғысынан қарастырар болсақ бұл уақыт банк үшiн үлкен көрсеткiш.

Қыркүйек айының соңғы сенбiсiнде банк аталмыш мерекенi Алмалы ауданы әкiмшiлiгiнiң қолдауымен “Астана” алаңында көпшiлiкпен бiрге тойлады. Студенттер қатарына қабылдау күнiмен тұспа-тұс келген мерекелiк кеште Серебро, No Mercy,Velvet, JD Davis, Arash сыңды шетелдiк танымал әншiлермен қатар қазақстандық “Орда” тобы өнер көрсеттi.

“ Альянс Банктi қуанышымен құттықтап, алғысымызды айтамыз. Бiздерге жасаған мүмкiндiктерiне ризамыз.” – дейдi студент жастар. Қуанышқа қатысқандардың концертке көңiлдерi толды. От шашулар мен ән шашулар көпшiлiктiң көңiлiн бiр серпiлтiп тастады. Жастардың биiмен жалғасқан кеш алаңда ұзаққа созылды.

Көпшiлiктiң арасынан Альянс Банктiң тұтынушылары да кездестi. Банктiң қуанышын бөлiсуге келгендiктерi тұтынушылар тарапынан алғыс деп түсiндiк. Олар негiзгi артықшылықтар қатарында банктiң сенiмдiлiгiн, сондай-ақ қызмет көрсетудiң сапасы мен шапшаңдығын бағалайды екен. “Ниетiне қарай патшасы” деп бекер айтылмаса керек, Альянс Банкi Басқармасының Төрағасы Ерiк Сұлтанқұлов кеш бойы қонақтарының көңiлiне қараумен болды .. “Сырт көз сыншыл” демекшi, банк қызметкерлерi бәсекелестерi мен тұтынушылары алдындағы абыройын толық ақтап алды да. Банк бизнестегi табыстары туралы марапаттаулардан да кенде болған жоқ. Марапатқа тұрарлық биiкке көтерiп отырған банк басшылары мен қызметкерлерiнiң қуанышы ұзағынан болсын.

Манар АЛИЕВА

Серіктес жаңалықтары