Салымшы жинағы 1 трлн. қор – тағы да жыл таңдауы!

Салымшы жинағы 1 трлн. қор – тағы да жыл таңдауы!

Салымшы жинағы 1 трлн. қор – тағы да жыл таңдауы!
ашық дереккөзі
482

Қазақта «Бейнет түбі – зейнет» деген сөз бар. Бүгінде кез келген еңбекке қабілетті адам зейнетке шыққаннан кейінгі өміріне алаңдайтыны сөзсіз. Сол үшін қарапайым халыққа етене жақын, сенімді зейнетақы қорын таңдауға тырысады. Ал қазір қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсететін бірден-бір қор – «Халық Банкінің зейнетақы қоры» екені белгілі.

Еліміздің зейнетақы жүйесінде ілгері-кейінді 11 зейнетақы қоры жұмыс істейді. Әрқайсысының өз салымшысы бар. Алайда, қарапайым халықтың таңдауы нарық саласына алғашқылардың бірі ретінде дендеп кірген – «Халық банкінің зейнетақы қорына» түсіп жатады екен. Неге? Осы сауалға жауап іздеу үшін 2 млн. 300 мың салымшысы бар қордың жұмыс істеу тәртібіне терең үңілуге тура келді. Сондағы көзге оттай басылған нәрсе – қор инвестициялық табысын көбейтіп қана қоймай, республиканың түкпір-түкпіріндегі, тіпті шалғайда жатқан елді мекендердегі салымшыларымен тікелей байланыста жұмыс істейді. Нәтижесі де жаман емес. Айта кетерлігі сол, жақында ғана зейнетақы қоры салымшыларының жинағы 1 триллион теңгеден асып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл Қазақстанның зейнетақы жүйесінде жинақталған жалпы соманың 32,99 пайызын құрайды екен. Мұны біреу білсе, біреу білмес. Кейбір ғаламторды меңгерген азаматтар қордың жетістігіне әбден қанық. Ал бір қордан екінші қорға секіріп жүргендердің көбі еліміздегі зейнетақы жүйесінің бет-алысынан бейхабар көрінеді. Оларды салымшы болуға шақыратын қорлар да өздері туралы шынайы көрсеткішті айтпауға бекінеді екен.

Бір қызығы, еліміздегі зейнетақы қорларының мамандары жұмыс кеңселерін аралап, салымшы болуға үгіттеп жатады. Олар қордың көрсеткішін алдын ала дайындаған сызба арқылы түсіндіріп әлек болады. Тіпті, кейбірі бір жылда екі мәрте қорды ауыстыруға болатынын және бұл кезде салымшыға үстеме қосылатындығын да алға тартады. Алайда, қарапайым еңбек адамының көбі бір жапырақ қағазға сеніп, салымшысы мен активі төмен қорға өтіп, біршама уақыттан кейін «әттеген-айға» салынып жатса, кім кінәлі? Әлбетте бұл жерде салымшы емес, сол қордың қызметкері пайда көретіні белгілі. Сондықтан зейнетақы қорын таңдау үшін арнайы рейтинг агенттіктерінің бағалау көрсеткішіне көз жүгіртіп, салыстыра отырған жөн. Мәселен, отандық зейнетақы қорларының жылдық, айлық қызметін «Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік агенттігі бағамдап, сайтында жариялап отырады. Айта кету керек, былтыр агенттік «Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ-ның A++ рейтингін «Айрықша жоғары (ең жоғары) сенімділік деңгейін» растаса, ағымдағы жылы Қорға «Өте жоғары деңгейдегі сенімділік» (рейтинг А++) рейтингін беріпті. Бұл көрсеткіш халыққа зейнетақы қорын таңдауға айтарлықтай мүмкіндік тудыратыны сөзсіз.

«Халық Банкінің зейнетақы қорының» телегей-теңіз табысы салымшыларға да серпіліс әкеледі. Еліміздегі зейнеткерлер де салымын осы «Халық Банк» пен оның зейнетақы қорына сеніп тапсыруда. Себебі қор қоржынындағы активтерді білікті басқарудың нәтижесінде зейнетақы жарналарын да молайтып отырады. «Мұндай көрсеткіш қордың тұрақты клиенттерін көбейтпесе, азайтпайды. Бұл біздің ғана емес, қор салымшыларының да жеңісі» деген жүрекжарды қуанышын білдірген қор мамандары өздеріне нық сенімді.

Қор қызметкерлері мен салымшы­ла­ры­ның тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі еңбек нәтижелілігінен байқалады. Тағы бір қуанышты жаңалық, осымен он үшінші мәрте өткен «Жыл таңдауы» фестивалінде халықтың сенімінен шыққан «Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» он үш рет Қазақстандағы №1 Зейнетақы қоры атағын жеңіп алды. Бұл – халықтың таңдауы! Демек, біз бұдан елімізде жұмыс істейтін әрбір төртінші адамның «Халық Банкінің Зейнетақы қорына» артқан сенімін көреміз. Ендеше біз де бүгінгі бейнеттің қызығын ертең көру үшін осы қорды таңдауға бел будық. Ағайын, сіз де ойланып көріңіз!

Динара Мыңжасарқызы

Серіктес жаңалықтары