МӘЖIЛIС МЕРЗIМIНЕН БҰРЫН ТАРАТЫЛА МА?

МӘЖIЛIС МЕРЗIМIНЕН БҰРЫН ТАРАТЫЛА МА?

МӘЖIЛIС МЕРЗIМIНЕН БҰРЫН ТАРАТЫЛА МА?
ашық дереккөзі
257

Астанада (Еуропадағы Қауiпсiздiк және Ынтымақтастық ұйымы) ЕҚЫҰ-ның Парламенттiк ассамблеясының 17-шi сессиясында сөйлеген сөзiнен халықаралық және отандық сарапшылар осындай қорытынды жасауда.

ЕҚЫҰ-ның Парламенттiк ассамблеясының сессиясы Азия аймағындағы елдердiң iшiнде тұңғыш рет Астанада өткiзiлiп отыр. Осы сессияда сөйлеген сөзiнде "Қазақстанда Парламенттi екi партиядан жасақтауға мүмкiндiк беретiн құқықтық механизм жасалуы керек" дедi. Батыс Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуi үшiн елдегi саяси жүйенiң демокра¬тиялық нормаларға сай келуiн қамтамасыз ету тапсырылған. ЕҚЫҰ-ның демократиялық нормаларына жүгiнетiн болсақ, былтырғы тамыздағы сайлаудың ертеңiнде ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкiлдiгiнiң басшысы Любомир Копай "1 партиядан жасақталған Парламент ЕҚЫҰ тарихында болған емес, болуы мүмкiн де емес" деген болатын. Сол себептi де 2010 жылға дейiн Қазақстан 1 партиялы Мәжiлiстi таратып, Мәжiлiстiң тым құрығанда 2 партиядан жасақталуын қамтамасыз етуi тиiс.

2007 жылдың қарашасында Мадридте өткен ЕҚЫҰ министрлер кеңесiнiң жиынынан кейiн Сыртқы iстер министрi Марат Тажин елде демократиялық институтты дамыту үшiн бiрқатар оң өзгерiстер болатындығына уәде берген болатын. Бiрақ, содан бергi уақытта алғашқы қадам бүгiн жасалып отырғандай. Елбасы өз сөзiнде саяси партиялардың тiркелу процесiн оңайлату қажеттiгiн және БАҚ-тардың жұмысына түрлi кедергi келтiретiн жасанды тосқауылдарға жол бермеу керектiгiне тоқталды.

Сөйтiп, жарты жылдан астам уақыт ел арасында жүрген гу-гу әңгiменiң расқа айналатын түрi бар. Алғашқы қадам "Сайлау туралы" Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлiп, Президенттiң кеңесшiсi Е. Ертiсбаев айтқанындай Мәжiлiске өту үшiн бұрынғыдай сайлаушылардың 7% емес, 4-5% дауысын жинаса жетiп жатыр. Демек, саяси партиялардың қайта күш жинап, сайлаушылардың дауысына ие болу үшiн қимылдап қалатын сәтi келдi. Оппозиция бекер қарап жатпапты, "Азат" брендiне таласуының өзiндiк мәнi бар екен. Жалпы, Қазақстан оппозициясы әлi әлсiз, сайлаушыларды соңынан ерте алатын оппозиция алаңында өзiне сенiмдi партия жоқтың қасы. Кез-келген саяси партияның мақсаты билiкке жету болса, бiздiң оппозицияның мақсаты оппозиция алаңындағы екiншi партиямен жаға жыртысу. Соның салдарынан өткен сайлауда билiк партиясының қара үзiп алға шығуына мүмкiндiк бердi. Ендiгi ұрымтал тұсты елдегi саяси партиялар қалай пайдаланатындығы белгiсiз. Дегенмен, ЖСДП (Жалпыұлттық социал-демократиялық партия) мен "Азат" партиясы 4 түрлi заң жобасын жасап, балама ретiнде ұсыныпты. Төртеуi де сайлау барысына байланысты. Бiрiншiсi, "Қазақстан Республикасындағы сайлау жөнiндегi", екiншiсi, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", үшiншiсi, "Саяси партиялар туралы", төртiншiсi, "Бейбiт, шеру, митинг, пикет өткiзудi ұйымдастыру тәртiбi жөнiндегi" заң жобалары. Бұл заң жобаларына енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар ЕҚЫҰ-ның Қазақстан билiгiне қойып отырған талабы мен Назарбаевтың ЕҚЫҰ-ның 17-сессиясында сөйлеген сөзiмен дөп келiп тұр. Бұған дейiн, сайлау өткелi бiраз уақыт болса да, оппозиция тарапынан дәл осындай ұсыныс түсе қоймап едi. Демек, саяси партиялар атқа қайта мiнуге қамдана бастады деген сөз. Яғни, бұл олардың халықпен қоян-қолтық жұмыс iстеуге әлi де қабiлетсiз екендiгiн көрсетедi. Өйткенi, сайлау бiтiсiмен саяси партиялардың өмiрде бар-жоғынан хабар болмай кеттi. Қазiр 2009 жылы сайлау өтедi деген сыбыс естiлгеннен берi, қимыл-әрекеттер басталып кеттi.

Ал, Президенттiң кеңесшiсi Ермұхамет Ертiсбаев "Азат" партиясының сайлауда бағы жануы мүмкiн деген емеурiн танытып қалды. Кiм бiлсiн, оны уақыт көрсетер.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары