САХНАДА – "ЖҮРЕЙIК, ЖҮРЕК АУЫРТПАЙ" ДРАМАСЫ

САХНАДА – "ЖҮРЕЙIК, ЖҮРЕК АУЫРТПАЙ" ДРАМАСЫ

САХНАДА – "ЖҮРЕЙIК, ЖҮРЕК АУЫРТПАЙ" ДРАМАСЫ
ашық дереккөзі
311

Қазақ театр өнерiнiң қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театры 82-маусымын осы айдың 27 де аяқтайды. Ал, 19-маусымда көрермен тарапына жаңа туындысын ұсынады. Ол белгiлi қырғыз драматургi Бексұлтан Жәкиевтiң "Жүрейiк, жүрек ауыртпай" атты драмасы бойынша дайындалуда. Жаңа қойылымның режиссерi, театрдың директоры әрi көркемдiк жетекшiсi, Қазақстанның Халық артисi Еcмұхан Обаев, аударған – театр сыншсы Әшiрбек Сығай.

Әке, бала, келiн, немере. Әрқайсысы өзiнше бiр әлем. Ұрпақ жалғастығы, жарасым яғни үлкенге құрмет, кiшiге iзет, имандылығы қанағат болса, бақ, бақыт қонуы тиiс-ақ отбасы едi. Олай болмады… Баланың болашағы деп күн кешкен аға ұрпақтың қолын жылы суға малдырар шағында мұңға батуы нелiктен? Бала неге қатыгез, қоғам неге қатыгез? Рухани азғындаудың түп-тамыры қайдан?

Осындай көкейтестi мәселелер көтерiлетiн спектакльде басты рольдерде Сәбит Оразбаев, Нүкетай Мышбаева, Құман Тастанбек, Бекжан Тұрыс, Данагүл Темiрсұлтанова сынды өнер майталмандары қатысады.

Келiңiздер, көрiңiздер, театрда кездесейiк!

Серіктес жаңалықтары