21 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыстарын жалғастырады. Бұл күні қазақстандық спортшылар спорттың бірнеше түрінен сынға түседі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астана уақытымен жарыстардың алғашқысы сағат 05:00-де басталады. Қазақстандықтар көгалдағы хоккей, триатлон, нысана көздеу, стенд ату, жүзу, үстел теннисі, жекпе-жек, каратэ, волейбол, 3×3 баскетбол, спорттық гимнастика, бадминтон, су добы және ушу-саньдадан өнер көрсетеді.
Көгалдағы хоккей
05:00 — әйелдер, топтық кезең
Қазақстан – Оңтүстік Корея
Триатлон
05:30 — аралас эстафета, финал
Диана Ержанова, Арлан Жаңабай, Аида Ким, Егор Крупяков
Нысана көздеу
05:45 — ерлер, 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату, командалық жарыстың іріктеу кезеңі
Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский
08:30 — ерлер, 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату, финал
Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский — финалға шыққан жағдайда
Стенд ату
06:00 — ерлер, скит, іріктеу
Александр Мухамедиев, Артём Седельников, Давид Почивалов
06:00 — әйелдер, скит, іріктеу
Зоя Пискун, Әсем Орынбай, Адель Садақбаева
Жүзу
06:00 — ерлер, 50 метрге шалқалай жүзу, іріктеу
Александр Румынский, Глеб Коваленя
06:08 — әйелдер, 50 метрге шалқалай жүзу, іріктеу
Ксения Игнатова, София Абубакирова
06:14 — ерлер, 50 метрге еркін стильде жүзу, іріктеу
Глеб Коваленя, Әділбек Мусин
06:48 — ерлер, 100 метрге брасс әдісімен жүзу, іріктеу
Айбат Мырзамұратов
06:56 — әйелдер, 200 метрге кешенді жүзу, іріктеу
Ксения Игнатова, София Абубакирова
07:04 — ерлер, 4×200 метрге еркін стильде жүзу, эстафета, іріктеу
Глеб Коваленя, Максим Сказобцов, Фёдор Диденко, Әділбек Мусин
13:00 — жүзуден финалдық жарыстар басталады.
Үстел теннисі
06:00 — әйелдер, топтық кезең
Қазақстан – Мальдив
15:00 — ерлер, топтық кезең
Қазақстан – Лаос
Дәстүрлі аралас жекпе-жек
07:30 — ерлер, 65 келіге дейін, жартылай финал
Санжар Әділов
08:50 — ерлер, 77 келіге дейін, жартылай финал
Еркінғали Бүркіталин
Аралас жекпе-жек (Modern)
08:40 — ерлер, 71 келіге дейін, жартылай финал
Қадырбек Шынбаев
Каратэ
09:00 — ерлер, 67 келіге дейін, 1/8 финал
Алтынбек Олжас
10:35 — әйелдер, 61 келіге дейін, 1/8 финал
Әсел Қанай
Волейбол
09:00 — әйелдер, 5–8 орындар үшін матч
Қазақстан – Тайбэй
3×3 баскетбол
09:15 — ерлер, топтық кезең
Қазақстан – Шри-Ланка
10:30 — ерлер, топтық кезең
Қазақстан – Моңғолия
Спорттық гимнастика
10:30 — ерлер, жекелеген снарядтар бойынша іріктеу және көпсайыс финалы
Ильяс Азизов, Дмитрий Патанин, Нуртан Идрисов, Милад Карими, Нариман Курбанов
Бадминтон
11:00 — ерлер, командалық турнир, 1/8 финал
Қазақстан – Жапония
Су добы
13:40 — әйелдер, айналмалы жүйедегі екінші матч
Қазақстан – Жапония
Ушу-саньда
14:00 — әйелдер, 60 келіге дейін, 1/8 финал
Алина Шосова
14:00 — ерлер, 60 келіге дейін, 1/8 финал
Карим Иминжанов
14:00 — ерлер, 65 келіге дейін, 1/8 финал
Бексұлтан Көскенов
Ескерту: спортшылардың құрамы мен жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін.