НҰР-МҮБАРАК БЕСIНШI ТҮЛЕКТЕРIН ҰШЫРҒАЛЫ ОТЫР

НҰР-МҮБАРАК БЕСIНШI ТҮЛЕКТЕРIН ҰШЫРҒАЛЫ ОТЫР

НҰР-МҮБАРАК БЕСIНШI ТҮЛЕКТЕРIН ҰШЫРҒАЛЫ ОТЫР
ашық дереккөзі
289

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениетi университетi Египет Араб және Қазақстан Республикасы үкiметтерiнiң арасындағы халықаралық келiсiмшарт негiзiнде құрылған.

Атының өзi Аллаһ Тағаланың құрметтi де киелi Нұр есiмiмен басталып, мүбарак — құтты, қайырлы деген сөзбен жалғасқан.

Жоғары бiлiмдi имамдар мен исламтанушылар дайындайтын, Құран, хадистану, ақида, ислам философиясы, шариғат негiздерi бойынша бiлiктi, профессор-докторлар дәрiс беретiн, барлық дәрiс араб тiлiнде жүргiзiлетiн мұндай университет Орта Азия бойынша Қазақстанда ғана. Оқу орнында Құранды тәжуидпен жаттауға, тәпсiрлеудi үйренуге, ғибадатты, ислам негiздерiн терең меңгеруге барлық мүмкiндiк жасалған.

Университет тағы бiр оқу жылын табысты аяқтап, бесiншi түлектерiн жан-жаққа ұшырғалы отыр.

Жақында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениетi университетiнiң исламтану факультетiн бiтiрушi шәкiрттер, болашақ имамдар Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербiсәлiнiң қабылдауында болды. Елiмiздiң түкпiр-түкпiрiне имам-хатыбтыққа бөлiнген шәкiрттер Бас мүфтиден бата алды.

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениетi университетiнiң проректоры Шәмшедин Керiм, Оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi Әли Әлмұхамет және Нұр-Мүбарак мешiтiнiң имамы, биылғы түлектердiң кураторы Әдiл Мархаба шәкiрттерiне ақ жол тiлеп, олардың жан-жақты бiлiм алғандығын, үздiк оқитындардың, Құранды тәжуидпен меңгергендердiң бар екенiн атап өттi.

Жалпы бiтiрушiлер исламтанушы, дiнтанушы, араб тiлi мен әдебиет пәнiнiң оқытушысы, аудармашы мамандықтары бойынша мемлекеттiк үлгiдегi диплом иеленедi.

Күлпара ЖҰМАҒАЛИ

Серіктес жаңалықтары