Куба АҚШ-қа үш шарт қойды
Куба АҚШ-қа үш шарт қойды
АҚШ пен Куба 54 жыл бұрын үзіліп қалған дипломатиялық байланыстарын қалпына келтірілмек. Бүгін екі ел Гавана мен Вашингтонда өз елшіліктерін ашуға мүдделі екені белгілі болды. Америка президенті Барак Обама мен Куба көшбасшысы Рауль Кастро күні кешеге дейін бір-біріне аң қабақ танытпаған екі мемлекеттің әріптестікті қайта жандандырғысы келетінін және Гаванада АҚШ-тың, ал Вашингтонда Кубаның дипломатиялық орталығын ашуға ниетті екенін жариялады. Арадағы келіссөздер жуырда аяқталып, екі мемлекеттің әріптестік қарым-қатынастары осы жаздан басталады деп күтілуде. Алайда Гавана оңайлықпен иліккен жоқ, америкалықтар бірнеше шарт қойды. Атап айтсақ, Куба АҚШ-тың Гуантанамо әскери базаыс орналасқан аумақты өзіне қайтаруды талап етті. Сондай-ақ, экономикалық эмбаргоның алып тастауды сұрады. Гавананың үшінші тілегі – америкалық БАҚ-та Куба жайлы арандатушылық пиғылдағы хабарлардың тарауына жол бермеу. Еске сала кетейік, АҚШ пен Куба қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған шаралар 2014 жылдың желтоқсанынан бастап қолға алынды.Сол уақыттан бастап мемлекеттер Вашингтон мен Гаванада елшілік ашу жөніндегі келіссөздер жүргізе бастады және АҚШ президенті Барак Обаманың Кубаны лаңкестікке демеушілік көрсетуші мемлекеттер тізімінен шығарды.