СӘЛЕМДЕСУ ДЕ ӨНЕР

СӘЛЕМДЕСУ ДЕ ӨНЕР

СӘЛЕМДЕСУ ДЕ ӨНЕР
ашық дереккөзі
410

Адам баласының адами қасиеттерінің бірі – сәлем беру тәртібі. Сәлемдесудің, аман-саулық сұраудың да түрлері сан алуан. Еліміздің әр түкпірінде тұрғылықты халықтың қоныстануына да байланысты әртүрлі. Шариғатта да сан алуан қағидалары мен тәртіптері айтылған.

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Исламның абзалы – тағам беру және таныған-танымаған адамға сәлем беру», – депті. Міне, осы сәлемнің шыққан төркіні сонау Адам атадан басталған екен. Алла тағала Адамды жаратып, содан соң: «Анау періштелерге барып сәлем бер. Олар қандай жауап қайтарса, сол сен және сенің ұрпағың үшін сәлем болады» деді. Сонда Адам періштелерге барып: «Ассалаума-алей-кум» деген еді. Періштелер: «Уағалейкумус-салам уа рахматуллаһ», – деді. Міне, осыдан бастап адам баласына әрдайым бір-біріне осы сөздерді айтып жүру үлкен міндетке саналған екен. Содан бастап кіші адам үлкенге, өтіп бара жатқан адам тұрған адамға, аттылы адам жаяу адамға, азшылық – көпшілікке, қабірстанға (бейітке) барғанда, ешкім жоқ үйге кіргенде, аурудың көңілін сұрап барғанда, мешітке кіргенде сәлем беріледі. Сәлемнің сауабы, сәлемнің тәртібіне де бағынған дұрыс болмақ.

Айбол БИТУҒАНТЕГІ

Талғар қаласы

Серіктес жаңалықтары