АТА-АНАНЫ ҚҰРМЕТТЕУ ТУРАЛЫ

Әрбір мұсылман баласы өзінің мойнында ата-анасының ақысы бар екенін біліп, оларды құрметтеп, жақсы қарым-қатынаста болып, ақыларын өмір бойы өтеуі керек. Төмендегі ережелерді әрдайым атқарып жүретін болсақ, ата-анамыз бізге өмір бойы риза болады.

1. Ата-анаға үнемі жақсылық жасау;

2. Ата-анаға қатты сөз айтып, қорламау;

3. Ата-анаға жылы шыраймен қарап, жылы сөйлеу;

4. Олардың қасында дауыс көтермеу;

5. Ата-ана жәрдемге мұқтаж болса, тез көмектесу;

6. Ата-ана шақырғанда лезде жетіп бару;

7. Егер шариғатқа қарсы нәрсеге жұмсамаса, айтқанын орындау;

8. Жолда кетіп бара жатса, алдын кесіп өтпеу;

9. Ата-ананың рұқсатынсыз еш жерге бармау;

10. Қайтыс болған ата-анасына Құран бағыштап, дұға жасау;

11. Ата-ананың достарымен, таныс­тарымен, туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу;

12. Ата-ананың әр кезде риза­шы­лығын алу керек!

Айбол ӘБДІМӘЖИТҰЛЫ,

Талғар қаласындағы №1 орта мектебінің мұғалімі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button