Таксилер бірыңғай сары түске боялуы мүмкін

Таксилер бірыңғай сары түске боялуы мүмкін

Таксилер бірыңғай сары түске боялуы мүмкін
ашық дереккөзі
274

Елімізде такси қызметін көрсететін барлық көліктер бірыңғай сары түске боялуы мүмкін. Бұл бастаманы "Ортақ жол" ("Общая дорога") Жол қозғалысы қауіпсіздігі ассоциациясы көтеріп отыр, деп хабарлайды tengrinews.kz

Ассоциация жетекшісі Әрсен Шәкуов айтуынша, бұл уақыт тудырған қажеттілік. "Заңдастырылмаған такси қызметін қолданатын азаматтарға қарақшылық шабуылдардың көбеюіне байланысты, сонымен қатар заңсыз таксилермен күрес мақсатында ассоциация ҚР үкіметіне жеңіл таксилердің қаңқасының сары түске боялуы қажетті туралы ұсыныс жолдайды", - дейді ол. Шәкуов ұсынысты жұмыс тобына жолдады, олар қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы туралы" жаңа Заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын жасап жатыр екен. Аталмыш заң жобасының жасалып жатқанын ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің координациялық-құқықтық жұмыс басқармасының басшысы Қанат Сәдуақасов растады. "Жұмыс тобы құрылды. Депутаттар қазіргі уақытта бізге келіп түсіп жатқан барлық ұсыныстарды талқылап жатыр. ІІМ өкілдері жұмыс тобына сарапшы ретінде кіріп отыр. Жұмыс енді басталды", - деді басқарма басшысы. Ортақ жол" Жол қозғалысы қауіпсіздігі ассоциациясының өкілдері "Жол қозғалысы туралы" қолданыстағы заңға тағы да бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек екенін алға тартуда. Мәселен, олар түнгі уақытта жаяу жүргіншілердің көшедегі көліктерге көрінетіндей жарығы бар элементтерді қолдануын талап ету керек деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары