ТИМУР БЕКМӘМБЕТОВ ЖАҢА ЖОБАҒА КІРІСТІ

ТИМУР БЕКМӘМБЕТОВ ЖАҢА ЖОБАҒА КІРІСТІ

ТИМУР БЕКМӘМБЕТОВ ЖАҢА ЖОБАҒА КІРІСТІ
ашық дереккөзі
387

Тимур Бекмәмбетовтің «Базилевс» компаниясы америкалық жазушы Стивен Таннидің «Жүз пайыз ай баласы» («One Hundred Percent Lunar Boy») атты шығармасын экранға шығару құқығына ие болды. 2010 жылы жарыққа шыққан романның мазмұн желісі келер шақта отарға алынған Ай планетасында өрбиді. Романның басты кейіпкері – болашақты алдын ала болжай алатын 16 жасар Иероним Рексафин атты көріпкел бозбала. Шығарманың басты идеясы Иероним мен жер қызының арасындағы достық жайында. Таннидің шығармасына негізделген фильмнің сценарийін Эдвард Рикурт жазады. Жобаның атқарушы продюсері болып Гай Штодель бекітілді. Ол бұған дейін «Техасская резня бензопилой» және «Пятница 13-е» секілді атышулы фильмдерге атсалысқан болатын. Сондай-ақ шығармашылық топ құрамында Мишель Волкофф та бар. Шамасы, «Аполлон 18» триллерінің америкалық прокатта жетістікке жетуі Бекмәмбетовтің шабытына шабыт қосқан тәрізді. Фантастикалық жанр мен шытырман оқиғаларды жақсы көретін жерлесіміздің бұл жаңа фильмін де көрермендері асыға күтері даусыз.

«Түркiстан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары