Қарағандыда 34 жастағы тұрғын көршісінің өзі туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқанына шағымданған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ә.Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Төлеген Жанкеев арызды тексеріп, тұрғындардан жауап алған. Сауалнама барысында бірнеше көрші арызданушы туралы түрлі қауесет тарағанын айтқан. Олардың сөзінше, бұл ақпаратты 66 жастағы көрші әйел таратқан.
Полиция бөліміне жеткізілген әйел өзіне қатысты айтылған ақпаратты таратқанын мойындаған. Іс сотта қаралып, әйел басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, жауапқа тартылды.