КҮНШЫҒЫС ЕЛIН ЖАҚЫНДАТҚАН КОНФЕРЕНЦИЯ

КҮНШЫҒЫС ЕЛIН ЖАҚЫНДАТҚАН КОНФЕРЕНЦИЯ

КҮНШЫҒЫС ЕЛIН ЖАҚЫНДАТҚАН  КОНФЕРЕНЦИЯ
ашық дереккөзі

Жуырда Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетiнде "Қазiргi кезеңдегi қоғамның этномәдени үрдiстер жағдайындағы эстетикалық және көркемдiк бiлiм берудiң өзектi мәселелерi" деген халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өттi. Қытай, Жапония, Түркия елдерiнiң өкiлдерi мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары қатысқан конференцияны оқу орнының басшысы, академик С.Ж.Пiрәлиев ашып, жүргiздi. "Жапон өнерiнiң бастаулары және көшпендiлер мәдениетi" деген тақырыпта баяндама жасаған жапонтанушы Шарафат Жылқыбаева Күншығыс халқының ұлттық музыкасының ежелгi арналары туралы сөз қозғады. Университеттiң көркемсурет факультетiнiң деканы Б.А.Әлмұхамбетов кәсiби бiлiм берудiң заманауи талаптарына тоқталса, Түркия Республикасы елшiлiгiнiң жанындағы Түрiк тiлi орталығының директоры Мухаммер Игдеш қазақ-түрiк мәдени байланыстарының өзектi мәселелерiне қатысты пiкiрлерiн бiлдiрдi. Жаһандану дәуiрiндегi өнертану мен педагогиканың сан-салалы мәселелерiн жан-жақты талқылаған конференция жұмысы түрлi секциялармен жалғасты. Конференция соңында оқу орнының магистранты Алмас Мұстафаев шетелдiк қонақтарды шебер ұстаздар мен студенттер жасаған қазақтың ұлттық аспаптары қойылған мұражаймен таныстырды.

"Түркiстан-ақпарат"