АНА СYТIНIҢ АСЫЛ ҚАСИЕТI

АНА СYТIНIҢ АСЫЛ ҚАСИЕТI

АНА СYТIНIҢ АСЫЛ ҚАСИЕТI
ашық дереккөзі
460

Ақыл-ойлы, парасатты адамзат ана сүтiнiң қасиетiн қадiрлеген, әспеттеген. Ұлттық тәрбие үрдiсiнде терең философияға құрылған ой-пiкiрлерi жетерлiк. “Анаңның ақ сүтiн ақтау үшiн Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақтай алар ма екенсiң” деген пiкiрмен санаспауға болмас. Дегенмен бiз бүгiн осы тiршiлiк нәрiн сеуiп келе жатқан асыл аналарымыздың қадiр-қасиетiн бiлiп жүрмiз бе, олардың ақ сүтiнiң мәнi мен маңызын терең сезiнемiз бе, осы бiр сұрақтардың жауабын iздей отырып, ана сүтiнiң биологиялық қасиеттерiне тоқталсақ.

Ана сүтi неғұрлым құнарлы болып әрi баланы емiзу ұзақ уақытқа созылса, онда нәрестенiң де, ананың да денсаулығы сақталып, ұлттық болмыс толық қалыптасады. Ал ұлттық болмыс бет-пiшiннен бастап, киiм кию үлгiлерiне дейiн, ақыл-ой жүйесi, iс-әрекетi, дене сұлулығы, ұлттық ар-намыс, психологиялық үрдiс, түйсiк қабiлетi, ас-тағамдары, салт-дәстүр, әдет-ғұрып ережелерi мен қағидаларын сақтау, тiл, дiн, дiл, өнер-мәдениеттен құралатын болса, адам баласын бiр ұлттың өкiлi ретiнде негiздейдi. Сондықтан ұлттық болмыс дұрыс қалыптасуы үшiн ана сүтiнiң ықпалы зор екенi айтпаса да түсiнiктi.

Ана сүтiнiң сапалылығымен қоса оның тағам ретiнде де жаңа туылған сәбиге өте қажеттiлiгi толық дәлелденген. Баланы мүмкiндiгi болса ұзақ мерзiм емшектен шығармауға тырысу керек. Өйткенi оның құрамында ағзаға өте-мөте қажет ақуыздың, көмiртектiң, қанттың, майдың, витаминдердiң, металл-иондарының сандық, сапалық мөлшерi бiркелкi деңгейде екендiгi де дүние есiгiн жаңа ғана ашқан нәрестеге сiңiмдi. Егер бұлай болмаған жағдайда сүттiң түсi өзгерiп, сұйықтығы, суы көбейедi де, дәмдiлiгi кемидi. Дәмсiзденедi. Ондай сүттi емген балада апталық салмақ қосу бәсеңдейдi, бала жиi мазасызданып жылайды, тiптi ұйқысы бұзылады. Сүттi сауып, ыдысқа құйсаңыз ол көпке дейiн ұйымайды, ұйыса да жоғары қабаттың түсi өзгередi. Қалыпты жағдайда бұл қабат сарғыш түстi болып келедi де, қою болған сайын сүт құнарлы әрi тәттi болады. Осындай сүттi емген бала маужырап ұйықтай бередi. Ал қарны тоқ, ұйқысы түзу нәресте тез ширап, тез өсе бастайды.

Ана сүтiнiң сапалы болуы оның дұрыс тамақтануына тiкелей байланысты. Отбасының хал-жағдайы, әсiресе еркектiң жиi жыныстық қатынаста болуы, яғни еркек гормонының ағзаға көп түсуi сүт өндiретiн арнайы гормонды – пролактиндi тежейдi, соның салдарынан сүт аз шығады әрi ол сұйықталып, құнарсыздана бастайды.

Нәрестенi емiзер алдында бүкiл мейiрiмiн төге отырып, сүйiспеншiлiкпен анасының июi де көп рөл атқарады. Бұған қоса баланы емшектен шығаруда да арнайы ереженi сақтап, яғни емiзудi бiртiндеп-бiртiндеп үзу, бала емiзгеннен кейiн емшектi сүтсорғышпен толық сауып тастау, содан кейiн барып мүшенi сыртынан қатты қысып байлап тастау керек. Керiсiнше сүт сапасыз болып, емiзу мерзiмi аз уақытқа созылса, онда емшек семiп қалады, кiшiрейедi, әжiмденiп төмен түсiп кетедi де, бұл дене мүсiнiн бұзады. Мұндайда кеуде бекiтетiн, ұстап тұратын-сiңiр байламдары ұзарып кетедi; көп сүт жиналады да сыртқа шықпай, мүшеде жиналса әйел-ананың кеуде бұлшық еттерiн шынықтырмай, әлсiретiп жiберетiн жағдайлар да жиi ұшырасады. Бұл жағдайдан сақтанудың бiр жолы – бала емiзiп жүргенде кеуде бұлшық етiн жиi-жиi жиырылтып, жеңiл спорттық жаттықтырулармен айналысу қажет. Кеуде бұлшық еттерiнiң бұзылуы әсiресе жас келiншектердiң психологиясына керi әсерiн тигiзедi. Соңы хирургиялық операцияларға соқтырып, ал одан кейiн мүшесiнiң өспей қалуы, кем болуы жиi тiркелiп жүр.

Ана сүтiнiң, сүт безiнiң негiзгi қызметi – сүт өндiру және оны сәби емiзу арқылы сыртқа шығару. Осы қызмет түрлерi бұзылса, онда емшекте жиi кездесетiн iсiк аурулары мен iсiк алды өзгерiстерге ұшырайтынын естен шығармаған абзал. Өйткенi емшекте қалып қойған сүт сарысуға айналады да кистозды фиброзды мастопатия пайда болады. Бүгiнгi таңда елiмiзде жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейiнгi екiншi орындағы қатерлi дерт осы асқынған қатерлi iсiк аурулары екенiн ескерсек, мұның себебiн жоғарыда айтқандарымыздан басқа да жолдарын iздеу керек.

Тұрмыс құрып, бала тауып, оны өсiрудi бүгiнде қорлық санайтын жастарымыз екiқабаттылықтан қорғану үшiн неше түрлi айла-шараларға барады. Сондықтан да табиғаттың ең асыл сыйы – әйел болу, ана болу сияқты адами мiндеттердiң кешеуiлдеуi, дер кезiнде орындалмауынан да көптеген сырқаттар көбейе түседi. Ұзақ сақтану әдiстерi, әрине зияннан басқа еш пайда әкелмейдi. Әсiресе гормонды заттармен екiқабаттылықтан сақтанудың керi әсерi мол екенiн есте ұстаған дұрыс болар едi. Бiрiншi, екiншi бедеулiк, аналық жыныс бездерiнiң киста ауруы, жатыр миомасы, эндометриозы және созылмалы қабыну аурулары тым жиiлеп кетуi және олардың емшек ауруларымен сыбайлас, байланысты сырқаттар жылдан жылға көбеймесе азаяр емес. Оған жасанды түсiк тастау сияқтыларды қоссаңыз, "сау басқа сақина тiлеп" жүргендер тiптi жасарып кеткенiн байқар едiңiз.

Ана сүтiнiң қадiр-қасиетiн ұғына отырып, бүгiнгi қоғамға салауатты денi сау ұрпақ әкелудi мақсат тұтқан әйел-аналарға мұндай әңгiмелердi жиi айтып тұру бiздердiң, дәрiгерлердiң де мiндетi дер едiм. Емшекте өндiрiлген сүт сүт жүретiн өзектер-жолдар арқылы сыртқа шығады; олардың қалыпты жағдайда саны 16-22-ге дейiн барады да бұлардың барлығы емiзiкте – емшек ұшында ашылады. Ал бұл жолдардың бiтелiп қалуы қазiргi аналар арасында жиi кездеседi. Бала емiзер алдында әр ана өзiнiң төсiне қарап, одан сүт барлық сүт жолдарынан бөлiнiп жатыр ма, соған сенiмдi болуы керек. Егер бiтелiп қалған сүт жолдарында тығын бар болса, онда сәбидi неғұрлым жиi емiзуге тырысу қажет. Аш бала белсендi сорып, тығынды өзi-ақ ашып алады. Ал бала ембесе немесе ол емшектi толық сора алмаса, онда оның себептерiн iздеген жөн. Мұндай жағдайда екi нәрсеге көңiл аудару керек: бiрiншiсi, емшектiң iшке қарай кiрiп кетуiнен нәресте аузымен толық қамти алмайды. Екiншiсi, сәбидiң денсаулығын тексеру. Көбiне сауатсыздықтан жас аналарымыз мұндай жағдайда емшек ұшына бал жағып немесе тәттi жағып жатады, бұл дұрыс емес. Себебi бұлардан кейiн тығындалу одан бетер күшейiп кетедi. Мұндай жағдайда өз сүтiнен компресс жасаудың пайдасы әлдеқайда тиiмдi екенiн есте ұстайық.

Әскер ЕСЕНҚҰЛОВ, Медицина ғылымдарының докторы, академик-профессор,

Қазақстанның еңбек сiңiрген қызметкерi

Серіктес жаңалықтары