Cарбаз көз жұмған гарнизонға комиссия барды

/
Cарбаз көз жұмған гарнизонға комиссия барды
Әлеуметтік желіден

Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Арынғали Ақышев бастаған комиссия сарбаз көз жұмған Гвардейск гарнизонына арнайы барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сарбазды мұндай қадамға не итермелегенін анықтау тергеу органдарына және арнайы құрылған комиссияға жүктелді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Гарнизонға комиссия келді. Бұл фактіге әскерилердің қандай да бір қатысы болса немесе жауапсыздық танытса, кінәлілер ең қатаң жауапкершілікке тартылады. Бұл іс қорғаныс министрінің ерекше бақылауында тұр", - дейді Ақышев.

Ол мұндай қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін барлық іс-шара қабылданатынын атап өтті.

"Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі", - деп түйіндеді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 17 қыркүйек күні Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз суицид жасаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары