Ричард Орандждың ойдан шығаруы немесе Кедендiк одақтан қауiп бар ма?

Ричард Орандждың ойдан шығаруы немесе Кедендiк одақтан қауiп бар ма?

Ричард Орандждың ойдан шығаруы немесе Кедендiк одақтан қауiп бар ма?
ашық дереккөзі
215

Таяуда белгiлi «Daily Telegraph» басылымында британдық журналист Ричард Орандждың Кедендiк Одақ туралы мақаласы жарық көргенi мәлiм. Онда мәселе Қазақстан контрабандалық топтар үшiн жұмаққа айнала ма деп төтесiнен қойылған. Сондай-ақ, автор Қазақстан кеден қызметiн жөнсiз қаралау арқылы Кедендiк Одақтың тiптi Ресей үшiн де тиiмсiздiгiн дәлелдеуге күш салып, одақтың келешегiне күмән туғызуға тырысқан секiлдi. Алайда аталмыш мақалада көптеген фактiлер ойдан шығарылғаны анықталып отыр. Ал қоғамда әлi күмән көп болғанмен, Кедендiк Одақ өзiнiң тиiмдiлiгiн нақты дәлелдейтiнiне сенетiндер де мол…

Сонымен бiрге, кейбiр "тәуелсiз" жорналшылар, сарапшылар мен саясаткерлердiң пiкiрлерiне сүйенсек – барлық бiрлесулерден қауiптенiп, Елбасымыздың атынан айтылатын барлық ойға қонымды бастамалардан үрейлену керек секiлдi.

Экономикалық одақтар көбiне-көп тиiмдi болатыны дәлелденген. Сондықтан да әлемде соңғы жылдары түрлi экономикалық одақтар көптеп құрылуда. Тiптi ЕуроОдаққа Бенилюкс елдерi өзiндiк одағымен енгенi мәлiм. Кедендiк одақ Қазақстан, Ресей, Белоруссия азаматтарына материалдық жағдайын жақсартуға мүмкiндiк берсе, мұның өзi елеулi табыс емес пе?

Сонымен, Кеден одағы iске қосылды. Артқа шегiнер жол жоқ. Әрi қарай не iстеймiз?

КӘСIПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАП ОТЫР

Ең басты сұраққа жауап беруден бастайық – бүгiн (КО құрылған уақытта) Ресей жағынан Қазақстан тәуелсiздiгiне төнiп тұрған қауiп бар ма?

Тәуелсiздiк таңы атысымен республикамыздың басшылығы Қарулы күштердi нығайту үшiн қолдан келер барлық жағдайды жасауда. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен бiр миллиард доллардан астам қаржы бөлiндi. Жаңа қарулармен жарақтандыру бойынша Қазақстан әскерi Орталық Азия аймағында еш талассыз бiрiншi орынға шықты.

Сонымен бiрге, қазiргi заманға лайық әскери бөлiмшелер ұрыссыз-ақ берiлу үшiн құрылып жатпағаны айдан анық. Бұрыннан келе жатқан Ресеймен достық байланысымызды есепке алсақ, Қазақстан Кеден одағына енгеннен соң, Тәуелсiздiктi жоғалтады деген сұрақты қоюдың өзi қисынға келмейдi. Дегенмен осы сұраққа жауап беруге тырысайық.

Жуықта Қырғызстанда болған оқиғаларды еске алуға болады. Сол уақыттағы Қырғыз басшылығының өтiнiштерiне қарамастан, Мәскеу Роза Отынбаеваның үкiметiне әскери жәрдем беруге асыққан жоқ. Ресей Қырғызстанға әскерiн кiргiзбедi. Сөйтiп өзге мемлекеттiң iшкi iсiне араласудан бойын арашалап, жауынгерлерiнiң өмiрiн сақтап қалды және Қырғыз текетiресiнiң өршуiне жол бермедi. Осы жолы Кремль үшiн өзiнiң территориялық тұтастығы жаңа империяны құрудан маңыздырақ болды.

Өйткенi оған өте салмақты себептер бар. Ресейде бала туу деңгейiнен өлiм деңгейi асып кеткендiгiн, тұрғындар санының азаюы жылына бес жүз мың адамға жақындағандығын қаперге алсақ, бәрi түсiнiктi болады. Тұрғылықты мекен-жайларын ауыстырып, Еуропа мен АҚШ-қа қоныс аударған Ресей Федерациясының азаматтары жайлы айтпай-ақ қояйық.

Сонымен бiрге, шетелдiк БАҚ-тың хабарлауынша, бүгiнгi таңда Шығыс Сiбiр мен Ресейдiң Қиыр Шығысы осыдан үш жүз жыл бұрынғыдай иесiз далаға айналуда. Халықтың аздығы мен осы ұшан-теңiз өлкенi игеру бойынша жан-жақты ойластырылған мемлекеттiк саясаттың болмауынан, орыстар Сiбiрдегi аса үлкен қиындықпен игерген мекендерiн тастап, Ресейдiң жылы орталық аймақтарына көшуде.

Солтүстiк Кавказда да тыныштық орнамай тұр. Ресей өзiнiң лаңкестiкке қарсы соғысында да жеңiске жете алған жоқ. Ресей Федерациясы Конституциялық соты төрағасының кеңесшiсi Владимир Овчинскийдiң ақпараты бойынша, 2010 жылдың өзiнде-ақ Солтүстiк Кавказда 900 лаңкестiк оқиға орын алып, он сегiз шаһид өзiн-өзi жарып жiберген. Ал бұдан бұрынғы жылдары терактiлер саны екi-үштен аспайтын.

Кейбiр солтүстiккавказдық елдерде, мәселен Чешенстан, Ингушетия, Дағыстанда орыс халқының өкiлдерi саусақпен санарлық. Осы күндерi Солтүстiк Кавказдағы елдердi Ресей Федерациясының құрамында тек орыстың федералды қазынасынан бiр триллионнан асатын рубль құю арқылы ұстап отыр. Солтүстiккавказдық республикалардың бюджетiне федералдық қаржы қөп құйылғанымен, оның елеулi бөлiгi жолай жымқырылып қалуда.

Сондықтан да осындай қиын ахуалға тап болған Кремль Ақ Орданың Тәуелсiздiгiне көз сұғын қадайды деп ойласақ, онда саясаттан мүлдем махұрым болғанымыз. Қазақтар орыстарға бүгiнгi таңда сенiмдi одақтас ретiнде ғана керек, себебi бұл күндерi Ресейдiң бiзден басқа жаулары да бастан асады.

Кейбiр БАҚ Кеден одағының құрылуын республикамызда инфляцияның өсуiмен, азық-түлiк бағасының аспандап кетуiмен байланыстырады. Картоп келiсiнiң бағасы жүз елу теңгеге дейiн шарықтауын есепке алсақ, мұнымен келiспеу қиын. Қазiр бiз келесi жағдайдың куәгерiмiз – қазақстандық нарыққа енуге еркiн жол ашылған ресейлiк кәсiпкерлер қазақстандық азық-түлiктi сатып алып, Ресейге тасымалдауда.

Бұл – қазақстандық кәсiпкерлер мен фермерлерге Ресей нарығына шығуға жаңа мүмкiндiктердi ашатын нақты жағдай. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiн шығарушыларға мемлекет тарапынан бөлiнетiн субсидия көлемi шабындықтың бiр гектарына жиырма доллардан аспайды. Ал бiзге одақтас Белоруссияда бұл көрсеткiш (шаруаларды мемлекеттiк қолдау) гектарына екi жүз долларға тең. Айырмасы жер мен көктей.

КIМ ҰТЫЛДЫ, КIМ ТҰТЫЛДЫ?

Ертеде Шыңғысхан ежелгi түрiк тайпасының көсемдерiне бiрiгудiң пайдасын көрсету үшiн олардың көзiнше бiр жебенi сындырған екен. Бiр жебенiң оп-оңай сынатыны белгiлi. Екi жебенi де қолына алып, тiзесiне салып сындырғанымен, үш жебенi бiрiктiрiп, қанша сындырам десе де, шамасы келмептi. Мiне, бiрiгу дегенiмiз – осы. Үш жебе сынбайды, әрi нысанаға дөп тиедi. Ел iшiнде жүрген осындай аңыз бар.

Бұл аңызды мысалға келтiрiп отырғанымыздың да өзiндiк сыры бар. Бүгiнгi кеден одағын осыған ұқсатуға болады. Жалқы түрде де мемлекеттерiмiз өмiр сүре алады (соңғы жиырма жыл көлемiнде солай болды да). Алайда мемлекеттер бiрiгiп, бiрлесе қимылдаса, экономикамызда үлкен жетiстiктерге жетудiң мүмкiндiктерi көп. Мұның көрiнiсi соңғы бiр жыл iшiнде айқын көрiнiс тауып та үлгердi. Аз ғана уақыт iшiнде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 38 пайызға өстi.

Сонымен бiрге, Кеден одағына кiретiн мемлекеттердiң тарапынан бiртұтас келiсiлген экономикалық саясатты құру – үш республикаға өздерiнiң еуропалық және азиялық әрiптестермен мәмiле жүргiзу кезiнде қосымша артықшылықтар беретiнiн де ескеруiмiз керек.

Кеден одағы – аса ауқымды әлеуметтiк-экономикалық жоба болғандықтан, Қазақстанға, Ресей мен Белоруссияға қаржы тасқынының құйылуына әсер етiп отыр. КО-нан ең алдымен үлкен нарыққа шығуға жол тапқан кәсiпкерлер мен өнiм шығарушылар ұтып отыр деуiмiзге де болады. Кедендiк Одақтан ұтылғандар да бар. Бiрiншiден, үш мемлекеттiң шекарасында қызмет ететiн кеденшiлер өздерiне пайда әкелетiн жұмыстарынан айрылып отыр.

Тауарларды сыртқа шығаруға квота мен лицензияларды беретiн, сонымен бiрге контрабандамен айналысатындарға "крыша" болған шенеунiктер де қаржы жағынан ұтылды.

Үшiншi ұтылғандар – жалған өнiмдердi әкелетiндер. Оларға ендiгi жол – кәсiпкерлермен тең дәрежедегi бәсекелестiкке түсу ғана. Кеден Одағының құрылуы осындай топтардың басына қара аспан төндiрдi деуге болады. Шалқып-тасып өмiр сүрiп, нанға қара уылдырықты жағып үйренген жандарға қиын болатыны да сөзсiз. Сондықтан одақтасқан үш мемлекеттiң шекараларында Кеден одағы идеясына қарсы шығатын лобби пайда болды. Бұл – түсiнiктi, әрi заңды үдерiс, жаңа бастамалар ескiлiкпен тайталаста үнемi жойқын қарсылыққа тап болып, жеңiске жететiнiн дәлелдейдi. Бұдан шығатын қорытынды – ескiмен жаңаның арасындағы текетiрестен қаша алмайтынымыз.

ӨКIЛ НЕ ДЕЙДI?

Түрлi ақпараттар тасқынының бiрi ретiнде британдық журналист Ричард Орандждың мына бiр мақаласынан үзiндi келтiргiм келедi. Аталмыш автордың "Daily Telegraph" басылымында "Қазақстан Кедендiк одақтың аванбекетi ретiнде контрабандалық топтар үшiн жұмаққа айнала ма?" деп, Ресей қауiптенiп отыр" деген мақаласы жарық көрдi. Бұл мақала кейбiр ресейлiк және қазақстандық БАҚ беттерiнде көшiрiлiп басылды. Мақалада: "Қазақстандық кеденшiлер берген статистикаға сүйенсек, 2007 жылы Қытайдан Қазақстан аумағына Қорғас арқылы 3 мың жүк көлiктерi өткен деген мәлiметтер келтiрiлген. Ал қытайлық кеденшiлердiң бағасына қарағанда, бұл сан 36 мыңды құрап отыр" дептi. Әрi қарай мақалада: "Қазақстанның Сауда және индустрия министрлiгi елдiң өндiрiстiк бағытын дамыту үшiн 6 мың гектар жерге экономикалық аймақтан тұратын Қорғасты құрғалы отыр. Бұл жерде халықаралық компаниялар өз фабрикаларын ашып, Қазақстан өнеркәсiбiн ешқандай салықсыз РФ мен Белоруссия нарығына шығаруды көздеп отыр" дегендi айтады.

Орандждың пiкiрiне сүйенсек, Қазақстанның Кедендiк одақ шеңберiндегi саясаты Ресей мен Белоруссияға Қытайдан жеткiзiлген контрабандалық тауарды қаптатуды көздеп отырған сыңайлы. Шын мәнiнде, британдық журналистiң аталмыш мақаласы қаншалықты шындыққа жанасады?!

Алматы облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментi бастығының орынбасары Александр Маляновтың пiкiрiне сүйенсек, британдық журналистiң жоғарыда келтiрiлген цифрларды қайдан алғандығы беймәлiм көрiнедi. Малянов мырза "2007 жылы қазақстандық тараптың берген мәлiметiне қарағанда, "Қорғас" кеден бекетi арқылы Қазақстанға 25 мың жүк көлiктерi өткен. Ал қытайлық тараптың қандай сандарды бекiткенi белгiсiз. Өйткенi қытайлықтар бұл жөнiнде ешкiмге ақпарат бермейдi" дегендi алға тартады. Тiптi қазақстандық әрiптестерiне айтылмайтын ақпараттың британдықтарға оңай берiлмейтiнiн бесенеден-белгiлi. Ал британдық журналист бұл сандарды қайдан алғаны бiзге жұмбақ?! Сондай-ақ ағылшын жорналшысының Ресей мүддесi үшiн "бес бидайының" не үшiн күйетiнi де түсiнiксiз.

Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметiнiң Қазақстандағы арнайы өкiлi Николай Данилко бұл туралы былай дейдi: "Мен "Қорғас" кеден бекетiнде болып қайттым. Алайда Ричард Орандж мақаласында келтiрген деректерге дәлел болатын нәрсе тапқам жоқ".

Иә, соңғы уақытта Кеден одағы идеясы шеңберiнде осындай қитұрқы "ойындар" орын алуда. Кейбiр "жанашырлардың" шынайы ақпарат ретiнде жалған мәлiметтер жариялап, келiсiмi жарасқан Кеден одағына қатысушы мемлекеттердi бiр-бiрiне айдап салуға бағытталған талпыныстары анық байқалуда. Алайда "аққа қара жұқпайды" демекшi, бiрлiгi жарасқан бауырлас елдер ондай қаскүнем күштердiң сойылын соқпай, келiсiп белгiленген сара жолмен алға жылжитынына сенiм мол.

Едiге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары