БЕРЛИН БIЗДIҢ ТЕМIРЖОЛДЫ ЖАҚСАРТПАҚ

БЕРЛИН БIЗДIҢ ТЕМIРЖОЛДЫ ЖАҚСАРТПАҚ

БЕРЛИН БIЗДIҢ ТЕМIРЖОЛДЫ ЖАҚСАРТПАҚ
ашық дереккөзі
303

Германия елiмiздiң экономикасына 3 млрд. еуро инвестиция салды

Таяуда Астана қаласында Қазақстан-Германия темiржол өнеркәсiбi бизнес форумы өттi. Бұл жиынға екi мемлекеттен темiржол саласының өкiлдерi қатысып, осы саладағы тауар айналымы мен қосалқы бөлшек өндiрiсi туралы келiссөздер жүргiздi.

Елiмiзде темiржолға қажеттi өнiмдердiң көпшiлiгi жасалмайтыны белгiлi. Бiрақ былтырдан берi iске қосылған ауыр өнеркәсiп орындары отандық темiржол өнiмiнiң санын 500-ге арттырды. Десе де Германиядан алынатын темiржол бөлшектерi тоқтатылған жоқ. Бүгiнгi мәлiметтерге сәйкес, темiржолға қажеттi 2336 бөлшектер осынау елден алынады екен.

"Атап айтқанда, "Қазақстан темiр жолы" компаниясы 2800 ұстаным бойынша өз саласындағы жабдықтарды пайдаланады. Оның тек 500 түрi ғана iшкi нарықтағы өнеркәсiптiк күштермен қамтамасыз етiледi. Яғни аталған өнiмнiң 70 пайыздан астамы импортталады. Бiз импортталатын жабдықтарды Қазақстан аумағындағы жабдық шығаратын өндiрiстер арқылы алмастырғымыз келедi", – дедi ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Н.Әбдiбеков.

Жалпы екi ел арасындағы сауда-экономикалық қатынас жылдан-жылға артып келедi. Мұны Қазақстанға сапарында Германия канцлерi Ангела Меркель де атап өткен. Ал форумда сөз алған вице-министр Нұрмұхамет Әбдiбеков: "Әлемдегi қаржы дағдарысына қарамастан, екi ел арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд. еуроға артты. Екi ел арасындағы ынтымақтастық жылдарында Германия Қазақстан экономикасына 3 млрд. еуродан астам инвестиция салды", – дедi.

Бизнес-форумға Германияның Экономика және технологиялар федералдық министрлiгiнiң технологиялық инвестициялар жөнiндегi үкiметтiк директоры Рамона Фрик бастаған немiстiң отызға тарта темiр жол компаниясының өкiлдерi "Қазақстан Темiр Жолы ҰК" АҚ-ның жылжымалы құрамдарды жаңғырту, Францияның Alstom компаниясымен электровоздарға бөлшектер жасау, сондай-ақ Астана қаласындағы "Абу Даби Плаза" жобасы аясында жеңiлрельстi көлiк құрылысы жобасына қатысуға ниеттi екенiн де жасырмады. Заманауи технологиямен танылған Германияда өндiрiстiк орындардың көпшiлiгi ғылыми-техниканың жаңа үлгiлерiмен жабдықталған. Осы тәжiрибенi ұтымды пайдалана отырып, немiс тарапы өз өнiмiн экспорттауда Қазақстанды негiзгi тұтынушы ретiнде таңдап отыр. Себебi шетелдiк әрiптестер үшiн Қазақстан аумағында темiр жол өнiмдерi өндiрiсiн ашудың пайдасы зор. Қазақстанның Еуразия кiндiгiнде орналасуы Қытай, Үндiстан және Ресей нарығына шығуға жол ашады. Сондай-ақ Кеден одағының арқасында Қазақстан Ресей және Белоруссия арасындағы 170 миллион тұтынушысы бар нарыққа жол ашып берiп отыр.

Темiржол бөлшектерiн шығаруда Қазақстан да кейiндеп қалған жоқ. 2014 жылға қарай темiр жол машина құрылысында локомотивтер мен жүк вагондарының өндiрiсi арта түседi. Сонымен қатар мамандандырылған платформалардың қуаттылығы жылына 1200 данаға, темiр жол тiркемелерiн құрастыру 5 мың данаға, ал вагон-хоппер вагондарын шығару 400 данаға дейiн көбейтiледi. Осы кезде қосалқы ұсақ-түйектiң көптеп қажет болатыны бүгiн-ақ белгiлi болып отыр. "Бiздiң ынтымақтастығымыздың болашағы зор деп бiлемiн. Өйткенi Германияда заманауи технология болса, Қазақстанда ресурстық база бар", – дедi вице-министр.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары