Шымкентте полиция ірі қылмыстық схеманы әшкереледі

/
Шымкентте полиция ірі қылмыстық схеманы әшкереледі
Polisia.kz

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы жүргізілген жұмыстар аясында Шымкент, Алматы және Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 9 жайтына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын 141 миллион теңгеден асады.

Қылмыстық топтың 4 қатысушысы ұсталды. Оның ішінде: топ басшысы, яғни ұйымдастырушы; дропперлерді іздеумен және тартумен айналысқан екі қатысушы; сондай-ақ қолма-қол ақшаны алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған тасымалдаушы.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Іс-шара қалалық прокуратураның үйлестіруімен өткізілді.

Еске салайық, 16 қыркүйектен бастап банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары