Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы «Учаске» және «Бекіре-2025» жедел-профилактикалық шаралары барысында бекіре балығы мен уылдырығын заңсыз сатумен айналысқан екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күдіктілердің үйлерін тексеру кезінде 9 дана бекіре балығы (56,8 келі) және 500 грамм уылдырық табылды. Сондай-ақ олардың автокөлігінен 1,6 келі бекіре балығы мен 500 грамм уылдырық тәркіленді.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот үкімі шыққанға дейін күдіктілер кінәлі деп танылмайды.