ҚАНIШЕР ГЕРЖОДТЫ ТАЛҚАНДАҒАН ШЫҒАРМА

ҚАНIШЕР ГЕРЖОДТЫ ТАЛҚАНДАҒАН ШЫҒАРМА

ҚАНIШЕР ГЕРЖОДТЫ ТАЛҚАНДАҒАН ШЫҒАРМА
ашық дереккөзі
389

1918, 1919 жылдары Перовскi уезiнде совдептi басқарған аз ғана уақытында Иосиф Гержод (Гержот). Оның есiмi қанiшерлiк iстермен Сыр елiне кеңiнен тарап кеткендiгi сонша, жұртшылық "кәрiжұт" деп атаған. «Гержод» десе бесiктегi бала жылауын тоқтататын болған деседi.

Тiптi шетелде жүрiп Мұстафа Шоқай: "Советтер билеген "Түркiстан" атты (1935 ж) кiтапшасында …." Перовскiде Гержод деген патша әкiмi отырды. Одан тұтас бiр халық — қырғыздар үдере көштi. Бұл үдере көшу барысында бiр миллионға жуық адам қырылды" деп жазса, Гержодпен теке-тiрiсеп, сол кездiң өзiнде өз ойын ашық жазғандардың бiрi Перовскiлiк Р.Балтабаев болды. Оның Түркiстан Республикасының Халық комиссарлар кеңесiне 1918 жылдың 20 мамырындағы жолдаған хатында" "…Төраға қызметiне кiрiскенiн Гержод уезд тұрғындарына 3 миллион сом салық салумен атап өттi".

Жалпы елдi дүрлiктiрген почта-телеграф шенунiкгi И.Гержод 1,5-2 жылдың iшiнде өзiне жақпағандарды қойдай тоғытып, көбiн тексерусiз аттырып жiберiп отырған. Оның Перовскi, қазiргi Қызылорда қаласындағы iс-әрекетiн қанiшерлiк, жендеттiлiкке жатқазуға болады. Гержод туралы жазу әңгiмелеу оның ХХ ғасырдың 60-жылдарында Қызылорда қаласына келiп дербес зейнеткерлiкке шығу және 250 беттiк "Соңғы парад" атты қолжазбасын таныстыру болған. Кiтапта Гержод жазған қолжазбаны талдай отырып, оның әрбiр iсiне баға бере сарапталған. Автор бұдан ұтпаса ұтылған жоқ, қайта қолжазбаның өне бойын талдаған сайын Гержодтың iс-әрекетi ашыла түскенiн көремiз революцияның атын жамылған Гержод өзiнiң қара ниетiн асыра берген.

Сағат Жүсiптiң "Қанiшер Гержодтың қолжазбасы" атты зерттеу-талдау еңбегi И. Гержодтың қолжазбасын арқау ете отырып, кеңестiк кезеңнiң алғашқы жылдарын ерiксiз еске түсiредi шығыс және ақтаңдақ кезеңдерде Гержотқа қолшоқпар болған жергiлiктi халық өкiлдерi бейнесi де көрiнiп, ашыла түседi. Кiтап осымен оқырмандарды тартады. Кiтапта Мұстафа Шоқай, ағайынды Лапиндер, Иса Тоқтыбаев, Тұрар Рысқұловтардың Гержодқа қарсылығы да көрсетiлген.

Кiтапта қолжазбадан басқа Гержод туралы жазылған әркездегi зерттеу мақалалар мұрағат құжаттарымен толықтырылған. Автордың көп iзденген шығарған бұл еңбегi оқырмандарды бей-жай қалдырмайды.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары