"Ешкіммен бұлай сөйлеспегенмін": Ерке Есмахан оқырмандарына маңызды мәлімдеме жасады

/
"Ешкіммен бұлай сөйлеспегенмін": Ерке Есмахан оқырмандарына маңызды мәлімдеме жасады

Алаяқтар әншінің атын пайдаланып, арам пиғылдарын жүзеге асырмақ болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл мәселе туралы әншіге тыңдармандары жеткізген. Осындай ескертулер мен фото дәлелдерден кейін Ерке Есмахан мәлімдеме жасауға мәжбүр болды.

"Оқырмандарымнан ескерту көп келіп жатыр. Менің бұл ойынға түк қатысым жоқ. Ешкіммен бұлай сөйлеспегем, еш жерден бұндай ақша алмағам. Сенбеңіздер! Алданып қалмаңыздар, мұқият болыңыздар! Мошенниктерде ар ұят жоқ, өтірік нәрсені тіпті таргетке жіберіп адамдарды алдауда", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары