ГҮЛДЕЙ БЕР, АСТАНА — ЖАС ҚАЛА...

ГҮЛДЕЙ БЕР, АСТАНА — ЖАС ҚАЛА...

ГҮЛДЕЙ БЕР, АСТАНА — ЖАС ҚАЛА...
ашық дереккөзі
398

Жаңа Астана, түн ұйқымды төрт бөлдiң,

Шашыраңқы ойларымды бөктердiм.

Күн батпай-ақ, айым туған секiлдi,

Жұлдыз жауып тұрғандайын көктен мың.

К.Ахметова.

Қазақ қазақ болғалы, елiм деп еңiреп туған ерлерге, ұлыларға баймыз, кенде емеспiз. Қазақтың басын қосып, хандық құрғандардың бiрi – Абылай хан. Ол қазақ елiнiң қамын ойлап, басын тауға да, тасқа да ұрып, ұйқы, күлкi көрмей, тыныштықты, берекенi аңсады. Осы орайда Асан қайғы да өзiнiң Желмаясына мiнiп, халыққа мәңгiлiк қоныс, мекен боларлық Жерұйықты iздеп өткен.

Абылай хан да күндiз де, түнде де елiнiң қауiпсiздiгiн ойлады. Сол кездегi қазақ елiнiң саяси жағдайы өте қолайсыз едi. Өйткенi бiр жағында — Ресей, екiншi жағында — Ұлы Қытай империясы, тағы бiр тұсында — жоңғарлар бар-ды. Елдiң iшкi және сыртқы саяси жағдайы да тұрақсыз болды. Ақыры мың ойланып-толғанып, ақорданы қазiргi Астана қаласының маңына тiктiрдi. Бүгiнде сол жер қазақтың Елордасына айналды. Бұл жер Ұлы даланың дәл ортасы едi. Қазақ елiнiң қай тұсынан да ордаға емiн-еркiн келуге болатын. Ордадан төрт құбылаға шығу да оңайға түстi. Ел ордасы қауiпсiз, тыныш жерде, елдiң ортасында болуы керек. Бұдан кейiн астанамыз Орынбор, Ақмешiт, Верный (Алматы) сияқты бiрнеше қалалар қазақ елiнiң астанасы болды.

Жалпы, бұрынғы Ақмола Есiл өзенi мен керуен жолдарының түйiскен жерiндегi қара өткел тұсында, сыртқы әскери округтың орталығы ретiнде 1830 жылы iргесi қаланды, 1832 жылы қалаға айналып, Ақмола атанды. Ол 1862 жылы Ақмола далалық генерал-губернаторлығының басты қаласы, ал 1868 жылы Ақмола облысының уезд орталығы болды.

Кеңес үкiметi жылдары қала солтүстiк iрi өнеркәсiп пен мәдени орталықтарының бiрiне айналды. Қаланың тез өсуiне Петропавл-Ақмола (1930ж), Ақмола-Қарталы (1932-1936жж), Ақмола-Павлодар (1953 ж) темiр жолдарының салынуы, облыс орталығына айналуы (1939ж), тың және тыңайған жерлердiң игерiлуi (1954 ж бастап), бұрынғы тың өлкесiнiң орталығы (1960-1965жж) болуы орасан зор әсер еттi.

1998 жылдан бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен астана бұрынғы Ақмола атауы қазiргi Астана қаласына ауыстырылды. Қазiр Астана гүлденiп өсуде, дамуда. Зәулiм үйлер бой түзеп, көптеген әдемi құрылыстар салынып жатыр. Көшелерi күн сайын кемелденуде. Ақын Саят Қамшыгер Астана туралы өлеңiнде былай дейдi:

“Сенен шықты батырлар, сонша бек, ер,

Ұлы тұлға, ғалымдар неше мың.

Халық сенiң жүрегiң болса егер,

Күретамыр болады көшелерiң.

Арайлысың Астана, шуақтысың —

Әрқашанда күн сүйген қалам әсем.

Арта берер өзiңде қуат-күшiң.

Ештеңеге теңемес "баламас ел"

ХХ ғасырға елордасы Астана жаңа леппен, жаңа жолмен кiрдi. Оның әлi де гүлденiп, кемелдентiнiне сенiмiмiз мол. Өйткенi халықаралық ЮНЕСКО қоғамының шешiмiмен Астана қаласы "Халықаралық жоғары дәрежедегi қала" деген атауды иемденуi де тегiн емес. Астанамыз тарихтың небiр сүрлеуiнен сүрiнбей өтiп, небiр науқандарды бастан өткерiп, ширығып, тоқсан жолдың торабына түйiстiруi, "мың өлiп, мың тiрiлген" қазақ халқының жүрегi етiп жасауына дайындығы тәрiздi, тарих бетiнде қалдырған iздерi де соның айғағы дерсiң. Өзiнiң атына арналған жалынды жыры бар ақындардың, тарихын тамсандыра жазар майталман жазушыларының, сазды әуенiн үзiлте салар әншiлерiнiң, жүректi тербер күйiмен баурар күйшiлерiнiң, айнытпай салып, айырмасын тапқызбас суретшiлердiң, қала бердi жүрегi "елiм" деп соғар қазағының арқасында Астана әлемге танымал, әлемге таңсық қала болатынына шүбә келтiрмеймiн. Өйткенi бiз намысты қолдан бермейтiн қайсар, сымнан сынбай өтер төзiмдi, неше топқа салғанда мүдiрмей сөйлер тiлдi, асқақ арманды, киелi, арқалы елмiз!

Ақбота Ахметова, Алматы қаласы №133 орта мектебi

11 сынып оқушысы

Серіктес жаңалықтары