ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМ САЯСАТКЕРЛЕРIНIҢ КӨЗIМЕН

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМ САЯСАТКЕРЛЕРIНIҢ КӨЗIМЕН

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМ САЯСАТКЕРЛЕРIНIҢ КӨЗIМЕН
ашық дереккөзі
225

Абдуллаһ ГҮЛ, Түрiк Республикасының президентi:

Түркия Қазақстанның экономикалық реформаларын жiтi қадағалап отырады. Сiздiң күш-жегерiңiздiң арқасында Қазақстан тәуелсiздiк жылдарында Орталық Азияның жарық жұлдызына — беделдi, сенiмдi әрi қуатты мемлекетке айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев — Түркi әлемiнiң лидерi.

Владимир ПУТИН, Ресей федерациясының премьер-министрi:

Қазақстан үшiн Нұрсұлтан Назарбаев өте ерекше тарихи тұлға. Ол тек қана Қазақстанның тұңғыш Президентi ғана емес, ол — қазақтық, қазақстандық мемлекеттiлiктiң iргетасын қалаушы.

Ислам КАРИМОВ, Өзбекстан Республикасының президентi:

Сенiң жетiстiгiң — қазақ халқының жетiстiгi. Саған Алла Тағала көп дарынды қасиет берiптi, соның iшiнде маңыздысы — халқыңды сүйе бiлуiң, оларға, бабалардың сөзiне адал болуың, басқарушылықты жетiлдiре отырып, халқыңның сенiмiн ақтауың. Бiз әрқашан бiрге жүрдiк. Сенi шын жүректен жеңiсiңмен құттықтаймын. Аман бол, бақыт тiлеймiн! Менiң шынайы тiлегiм, өзбек пен қазақ әрқашан бiр-бiрiне тiрек болып жүрсiн. Өзбектерде: "Егер жолдасың қазақ болса, ешқашан жолыңнан адаспайсың" деген мақал бар.

Тарья ХАЛОНЕН, Финляндия Республикасының президентi:

Мен Сiзге шын ниеттен құттықтауымды жеткiзгiм келедi. Биылғы жылы Сiздiң елiңiз – Қазақстанның тамаша жаңа ел ордасы – Астананың 10 жылдық мерейтойын мерекелейдi. Уақыттың қысқа кезеңiнде Астана елдiң басты әкiмшiлiк орталығына, сондай-ақ экономикалық даму орталығына айналды.

Ильхам ӘЛИЕВ, Әзiрбайжан президентi:

Мен жаңа астананы көрдiм. Менi құрылыстың қарқыны, адам қолымен сомдалып жатқан сұлулық қайран қалдырды.

Бұған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сiңiрген еңбегi орасан зор, ол күллi қазақ халқының күш-жiгерiн жұмылдырып, iс жүзiнде жаңа қала, жаңа астана орнатты.

Бiз бiр-бiрiмiзге жақын, туысқан елдермiз, халықтармыз. Бiз Сiздердiң табыстарыңызға әрдайым қуанамыз.

Қазақстан халқына тың табыстар, бейбiт өмiр және мол игiлiк тiлегiм келедi.

Эмомали РАХМОНОВ, Тәжiкстан президентi:

Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйiспеншiлiгi — мұның бәрi де Нұрсұлтан Әбiшұлының табиғатына тән қасиеттер.

Қазақ жұртының, елiнiң көпұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершiлiк сезiмi оның бойынан әманда ажыраған емес.

Ол ұлы ұйымдастырушы ретiнде Қазақстанды кеңестен кейiнгi кеңiстiктiң дамыған мемлекеттерiнiң бiрiне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық.

Нағыз басшы ғана осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда, Нұрсұлтан Әбiшұлы — өз халқының даусыз басшысы.

Ол — ТМД мен халықаралық қоғамдастықтың аса беделдi саясаткерлерiнiң бiрi деп санауға әбден лайық.

Филип ВУЯНОВИЧ, Черногория президентi:

Астананың онжылдық мерейтойына байланысты Сiзге шын жүректен шыққан құттықтауымды жолдап, Сiздiң астанаңыз бен елiңiзге одан әрi даму тiлеймiн. Екi мемлекеттiң мүддесi тұрғысынан әрекет ете отырып, бiздiң екiжақты қатынастарымызды нығайту және ынтымақтастықты әлдеқайда жоғары деңгейге көтеру мүмкiн болатынына сенiмдiмiн.

Срджан КЕРИМ, БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы:

Сiздiң елiңiзге БҰҰ Бас Ассамблеясы төрағасының алғашқы сапары болған менiң жуырдағы сапарымның барысында мен Елорданың жедел дамығанына айрықша таң қалдым. Қала Сiздiң халқыңыздың да, сол секiлдi осы заманғы жаһандық дамудың да ерекшелiктерiн әлемге көрсету үшiн тамаша келiп тұр.

Өзiнiң мультимәдени және көпұлтты ортасында Астана бейбiт дамудың нәтижесiнде БҰҰ қызметiнiң маңызды құрамдасы болып табылатын дiнаралық форумдар мен үнқатысуды өткiзудiң басты орнына айналды.

Менi Еуразия университетiнiң қабырғасында кездескен студенттердiң интеллектуалдық даму деңгейi таңырқатты. Бұл жас адамдар Астананың Орталық Азиядағы шешушi саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени орталыққа айналуына көмектесетiн бағалы капитал болып табылады. Астананы Оңтүстiктен Солтүстiкке көшiру ел үшiн үлкен сынақ болғанына күмән жоқ. Сiздiң көшбасшылық қасиеттерге ұмтылысыңыздың арқасында Қазақстан елдiң мақтанышына айналған жас та жарқын Елорданың онжылдығын мерекелеудiң мүмкiндiгiн алды.

Ху ЦЗИНЬТАО, Қытай Халық Республикасының төрағасы:

Тәуелсiздiк жылдары Сiздiң басшылығыңызбен еңбексүйгiш те ақылман Қазақстан халқы өзiнiң қажырлы да жасампаз еңбегiмен дамудың дұрыс жолын таба бiлдi.

Бүгiнде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстiнде, халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның әлеуметтiк-саяси тұрақтылығы сақталып отыр, елдiң халықаралық аренадағы ұстанымы нығайып келедi.

Бiз қазақстандықтардың мемлекеттiлiктi нығайту және елдi дамыту iсiндегi табыстарына шын ниетпен қуанамыз.

Владимир ВОРОНИН, Молдованың экс-президентi:

Тәуелсiз Қазақстанның символы болған сiздердiң жаңа Елордаларыңыз қауырт даму үстiндегi осы заманғы қаланың танымалдығына тез ие болды. Бүгiнде ол тарихшылардың, саясатшылардың кәсiби қызығушылығын туғызып, айрықша инвестициялық тартымдылық көрсетуде. ЮНЕСКО шешiмi бойынша Астанаға "Бейбiтшiлiк қаласы" атағының берiлуi кездейсоқ емес.

Цзян Цзэминь, Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы:

Тату көршi ретiнде бiздерге Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда саяси тұрақтылық, ұлтаралық қатынастарда келiсiм орныққанын, экономикалық дамудың тез қарқын алуы мен халықаралық аренада республика беделiнiң күн санап арта түсуiн көру қуанышты. Тәуелсiз Қазақстанның өз дамуындағы жетiстiктерi Орталық Азияның ауқымды кеңiстiгiне бейбiтшiлiк пен тұрақтылықтың сақталуына оң ықпал жасап отыр.

Энтони Чарльз Линтон БЛЭР, Ұлыбританияның экс-премьер-министрi:

Тәуелсiздiк алған күннен берi де Қазақстанның айтарлықтай экономикалық прогреске қолы жеттi. Қазiргi кезде нарыққа бағдарланған, ашық та айқын инвестициялық ауан туғызу айрықша маңыз алып келедi. Мұның өзi Қазақстанның бүгiнге дейiн қолы жеткен табыстарын қомақты ете түсуге жәрдемдеседi, сондай-ақ Орталық Азияның басқа мемлекеттерi үшiн тамаша тағылым болады…

Жак ШИРАК, Француз Республикасының бұрынғы президентi:

Мен өзiңiзбен кездесулерiмдi әрдайым үлкен iлтипатпен еске аламын.

Мен 1991 жылы Қазақстанда болған өзгерiстердi Францияның маңызды әрi шешушi өзгерiстер ретiнде бағалайтынын айтқым келер едi. Алмағайып әрi аса күрделi жағдайда Сiздiң елiңiз өзiнiң ұлттық құндылықтарымен ұзақ тарихына адалдығын сақтай отырып, сонымен қатар демократияның адамзат баласына ортақ қағидаттары мен құқықтық мемлекетке бейiмдiлiгiн паш ететiн мемлекет орнатудың айнымас жолына түстi. 15 жылдың iшiнде Қазақстан тұрақты институттары мен серпiндi экономикасы бар елге айналды. Мұны небәрi бiр кезең ғана деуiмiз арқылы да Сiз кемеңгерлiк көрсетiп отырсыз. Елiңiздi заманаға лайық деңгейге орнықтырып, оның халықаралық аренадағы асқақ мұраттарын қамтамасыз ету үшiн қажет санап, реформаларды жалғастыра беруге Сiздiң бекем бел байлап отырғаныңызға мен қуаныштымын.

Ким Дэ ЧЖУН, Корея Республикасының экс-президентi:

Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерiстердi ойдағыдай iске асырып жатуының айғағы — оларды әлемдiк қоғамдастықтың кеңiнен тануы болып отыр.

Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келедi.

Герхард Шредер, Германия Федеративтiк Республикасының бұрынғы канцлерi:

Қазақстан — өңiрдiң өзегi саналатын ел.

Өзiнiң тату көршiлiк саясаты арқылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев республиканың Орталық Азиядағы тұрақтылық факторына айналуы үшiн айтулы үлес қосты.

Германия Қазақстанның өңiрдегi тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, әрi елдiң Азиядағы өзара iс-қимыл мен сенiм шаралары жөнiндегi Кеңестi шақыру бастамашылығынан, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберiндегi өзара ықпалдастығынан көрiнiс берген күш-жiгерiн қолдайды.

Халықаралық саясаттың көптеген мәселелерi бойынша Қазақстан мен Германияның пiкiрi бiр жерден шығып отыр.

Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы Қауiпсiздiк пен Ынтымақтастық ұйымында төрағалық етуге кандидатурасын Германия қолдайды.

Леонид КУЧМА, Украина мемлекетiнiң бұрынғы басшысы:

Бұл күнi бiздiң халықтарымызды не бiрiктiретiнi, тарих бiздi немен туыстастырғанын еске алу ғанибет: бұл — қаһармандық сынақтардың қиын уақыты да, тың эпопеясының теңдессiз еңбек ерлiгi де, адамзат тағдыры үшiн ең қиын да құпия, бiрақ өте маңызды — ғарышқа жолды игеру де, ал оған деген алғашқы қадам нақ осы Сiздердiң бағзы жерлерiңiзден жүзеге асырылды.

Константинос СТЕФАНОПУЛОС, 1995-2005 жылдардағы Грекия президентi:

Мен Қазақстан Республикасына барған сапарымнан, Президент Н.Назарбаевтың қызметiнен ғажап әсер алдым.

Грек тарабы түрлi салаларда сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ықыласты. Әсiресе, энергетика, кеме жасау, коммуникациялар, туризм, Еуропа мен Азия арасындағы аралық көлiк дәлiзiн дамыту тәрiздi басым бағыттардың келешегi зор.

Борис ГРЫЗЛОВ, Ресей Мемлекеттiк Думасының төрағасы:

Н.Назарбаев — Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты жан-жақты дамытуды, екi халық арасындағы ынтымақтастықты одан әрi нығайтуды, бiртұтас экономикалық кеңiстiк құруды дәйектi түрде қолдап келе жатқан беделдi мемлекеттiк қайраткер.

Сергей СТЕПАШИН, Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы:

…Инвестор үшiн маңыздысы — тұрақтылық. Мысалы, Қазақстанды алайық. Мен оның (Қазақстанның-ред.) "саяси режимiнiң тұрақтылығына Батыс риза емес екен" дегендi ешқашан естiмеппiн. Қыруар инвестиция келiп жатыр, өйткенi сiздерде (Қазақстанда — ред.) бәрiн алдын-ала болжауға болады.

Нұрсұлтан Назарбаевпен бiз бұрыннан өте жақсы таныспыз, арамызда жақсы адами қарым-қатынас қалыптасты. Ол өзiнiң елiн аса қиын экономикалық дағдарыстан қалай алып шықты, бiз Ресейде әлi қолға алып үлгермеген проблемаларды қалай шеше алды? Өйткенi ол жалған демократиялық анархияға жол берген жоқ….

Сергей МИРОНОВ, Ресей Федералдық жиналысы Федерациялар Кеңесiнiң төрағасы:

Нұрсұлтан Назарбаевтың батылдығы да жетiп жатыр.

Бұл тұста оның Республиканың бас қаласын Астанаға көшiргенiн еске алсақ та жеткiлiктi. Ол белгiленген iс-қимылдың нақтылығы мен өзгерiстердiң тиiмдiлiгiн дәл бағамдайды.

Ресейде нағыз саяси ерiк-жiгер үш жыл бұрын қалыптасты.

Қазақстанда Президент Назарбаев арқылы мұндай саяси ерiк-жiгер он жылдың жүзiнде бiлiнiп отыр.

Бiз өзiмiздiң жақын достарымыз бен көршiлерiмiздiң тәжiрибесiн пайдаланудан қорықпауымыз керек.

Коитиро МАЦУУРА, ЮНЕСКО-ның Бас директоры:

Ядролық қарусыз ел мәртебесiн таңдау — Қазақстанның 90-шы жылдардың басындағы әлемдiк-қауiпсiздiк жүйесiндегi ауытқушылықтың қатерлi зардаптарын аңғара бiлуiнiң нәтижесi. Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа өзiнiң сыртқы саясатының ашықтығын, өзiнiң зорлық-зомбылықпен соғыс қатерiнен ада дүниеге адалдығын паш еттi, сөйтiп Қазақстанның ЮНЕСКО идеяларына адалдығын тағы да дәлелдеп бердi.

Ядролық қарудың күллi тақсiретiн өзiнiң қайғылы тәжiрибесi арқылы танып-бiлген елдiң өкiлi ретiнде мен Қазақстанның бейбiтшiл жаһатшылықтарын жаныма жақын қабылдаймын, ал Бас директор ретiнде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қару қорларын жоюға бағытталған күш-жiгерiн барынша құптаймын.

Каролос ПАПУЛИАС, Грек Республикасының президентi:

Мен Қазақстанның барлық қадамдарын қызыға қадағалап отырамын. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елдiң қандай жетiстiктерге қол жеткiзгенiн жақсы бiлемiн. Грек мемлекетi Қазақстанға қай iсте де табыс тiлейдi, бiз сiздердiң келесi жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық мiндеттi ойдағыдай атқаратындарыңызға сенемiз. Қазақстанның Афинада өз елшiлiгiн ашқанына разымыз, бұл шешiм екi ел арасындағы сауда айналымын арттыруға септiгiн тигiзедi.

Джек СТРО, Ұлыбританияның Сыртқы iстер министрi:

Қазақстан және Н.Назарбаевтың жеке өзi бейбiтшiлiктi нығайтуға елеулi үлес қосты.

Қазақстанның өнегесi бойынша бiрнеше мемлекет ядролық қарудан өз ерiктерiмен бас тартты.

Менiң ойымша, әлем Қазақстанға рахмет айтуы керек.

Қазақстанның тәуелсiздiк жылдарындағы дамуы атап айтарлықтай. Халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын жақсарту ғана емес, сондай-ақ экономикалық институттарды дамыту да ерекше маңызды болды.

Юрий ЛУЖКОВ, Мәскеу қаласының мэрi:

Бәрi де құрдымға кеткен жағдайда қаптаған қайраңдардың арасындағы адастырмас жалғыз ғана жолды таба бiлу керек едi. Бiз Ресейден Қазақстандағы реформалардың барысын байқап, Президент Н.Назарбаевтың күш-жiгерiне iштей тiлектес болып отырдық. Бiз, бүгiн сiздердi, туысқан Республиканың даңғыл да сара даму жолына түсуiмен құттықтаймыз.

Iс адамы ретiнде мен сiздердi Нұрсұлтан Назарбаев бастап апара жатқан бағытты шолған кезде ерекше масаттанамын.

Григорий РАПОТА, ЕурАзЭҚ-ның 2001 жылдардағы Бас хатшысы:

Н.Назарбаев кеңестен кейiнгi кеңiстiктегi интеграциялық үрдiстердiң бастаушысы ғана емес, сонымен бiрге белсендi "қозғаушы күштерiнiң" де бiрi болып отыр.

Джордж БУШ, АҚШ-тың экс-президентi:

Америка Құрама Штаттарының атынан мен Сiздi және Қазақстан халқын Сiздiң елiңiздiң елордасы – Астананың онжылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Қиялға қанат бiтiретiн Сiздiң көзқарастағы елорда Қазақстан халқының жiгерлi жұмысымен және ұмтылысымен жүзеге асырылуда.

Құдайдың Қазақстан халқы мен тамаша қала Астанаға рақымы түссiн.

Ли Куан Ю, Сингапур үкiметiнiң аға-министрi:

Он жыл iшiнде Қазақстан таңданарлық табыстарға жеттi, өз басым мұны мүлде күтпеген едiм.

Сiздер өздерiңiздiң барлық көршiлерiңiзден озық шықтыңыздар, әрi олардан ғана озып қойған жоқсыздар.

Президент Назарбаев — түрлi Республикалардың iшiндегi кесек тұлға.

Қазақстан басшысы — керегiнше қатал, ұсынықты, қағiлез әрi батыл кiсi, өзiне тартып тұратын, талантты әрi табанды тұлға, ол бұрынғы Одақтың басқа да Республикалары таныған жетекшi.

Егер Назарбаев Республика басында тұрса, Қазақстанның табысқа жету мүмкiндiгi көп болмақ.

Нельсон МАНДЕЛА: Оңтүстiк Африка Республикасының бұрынғы президентi:

Оңтүстiк Африка Республикасында Президент Нұрсұлтан Назарбаев есiмi үлкен құрметпен аталады. Қазақстан әлеуетiнiң нығаюына бағытталған оның белсендi сыртқы саясаты мен батыл реформаларын жоғары бағалайды.

Маргарет ТЭТЧЕР, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрi:

Мемлекеттердiң iргесiн салған, негiзiн қалаушылар әрдайым дерлiк қалыпқа сыймайтын тұлғалар болып келедi, ал Нұрсұлтан Назарбаевты толық мәнiнде осы санатқа жатқызуға болады. Тоталитаризмнен азаттыққа көшу ешқашан жеңiл болмаған… Президент Назарбаев Қазақстанды бүгiнгi шыққан биiгiне жеткiзу үшiн батылдық пен сақтықтың үйлесiмiн пайдаланды. Коммунизм бұғауларын быт-шыт қылған ел өзiнiң ерекше қазақы қасиеттерiн сақтап қалды. Президент Назарбаев экономика мен қоғамның ашықтығына, яғни кейбiр көршiлерi қасарыса бас тартқан нақ сондай нәрселерге ұмтылды, ол сөйтiп, Қазақстан үшiн халықаралық ұйымдарда айтарлықтай беделге қол жеткiздi.

Билл КЛИНТОН, АҚШ-тың экс-президентi:

Қазақстан — Орталық Азиядағы демократия үшiн өмiрлiк маңызы зор Республика. Ол ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға және ядролық қарусыз мемлекеттер қатарынан орын алуға келiстi. Бұл шешiмдерге көбiне-көп Қазақстан Президентi Н.Назарбаевтың еңбегi арқасында қол жеткiзiлдi.

Гельмут КОЛЬ, Германияның бұрынғы канцлерi:

Қазақстан басшылығының икемдi реформаторлық курсы елде қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуына, азаматтық бостандық пен аз ұлттардың құқын қамтамасыз етуге мүмкiндiк туғызып отыр.

Джон БАРРОУ, АҚШ конгресменi:

Қазақстан халықаралық қауiпсiздiктi нығайтудың елеулi факторы — ядролық қаруды таратпау iсiне аса көрнектi әрi бiрегей үлес қосты.

Қазақстанның жетiстiктерi және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсiздiктiң таңсәрiсiнде берген уағдасын iс-жүзiнде орындауының өзi-ақ Қазақстан басшысының сөзiне берiк адам екенiн айқын дәлелдейдi.

Жан ЛЕМЬЕР, Еуропалық Жаңғырту және даму банкiнiң президентi:

Қол жеткен нәтижелерге тоқмейiлсiмей, экономикалық реформаларды алға апаруда, тиiсiнше қазақстандықтардың тұрмыс деңгейiн арттыруда әрдайым iлгерiлей беруге ұмтылып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты үлкен құрметке лайық.

Әлбетте, Президент алған бағытынан айнымай келедi, оның басты белгiлерi — жинақталған сындарлы тәжiрибенi жазбай пайдалану, әлем үшiн ашық болып қала беру, бұл — саудадағы ашықтық. Саясаттағы ашықтық. Жаңа идеяларға ашықтық.

Сол себептi бiз Қазақстанмен бiргемiз. Бiрге бола беремiз.

Джеймс ВУЛФЕНСОН, Бүкiлдүниежүзiлiк банктiң президентi:

Қазақстанның экономикалық жетiстiктерi, әсiресе соңғы он жылдағы жетiстiктерi таңғалдырады. Экономика бүкiл әлемде жылына 4-5 пайыз, ал Қазақстанда 9 пайыз өсiп отыр. Қазақстандықтардың масаттануы үшiн барлық себептерi бар. Мен Қазақстанда әзiрленген iлгерiлеу бағдарламаларын жоғары бағалаймын. Мен Қазақстан Президентiнiң келешектегi даму барысында табиғи ресурстарға ғана емес, сондай-ақ адам ресурстарына сүйену керектiгi жөнiндегi пiкiрiне қосыламын. Басты байлық — халық, сондықтан да халықтың, әсiресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына, тәрбиесi мен бiлiмiне барынша көңiл бөлу керек. Сiздердiң өздерiңiз ұмтылып отырған экономикадағы теңдестiкке жетулерiңiзге тiлектеспiн.

Кондолиза РАЙС, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттiк хатшысы:

Бiз Қазақстандағы Конституциялық өзгерiстердi мұқият қарап отырамыз, олар өте жақсы қадам болып табылады. Қазақстан өңiрдi демократиялық болашаққа бастай алады деп санаймыз. Президент Назарбаев мықты лидер, ол Қазақстан үшiн көп шаруа тындырды, өңiрдiң қалай дамуға тиiстi екенiн нақты бiлгендiктен Назарбаев Орталық Азия үшiн де көп нәрсе жасай алады. Мен Астанада болғанмын, мен Қазақстанның қандай қарқынмен дамып жатқанын көргенмiн.

Томас КЛЕСТИЛЬ, Австрия президентi:

Менiң Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа деген iлтипатым ерекше. Табанды бағытына да тәнтiмiн. Аз уақыттың iшiнде демократиялық үрдiстi қалыптастырып, өркениеттi жолға түсу оңай емес. Қазақстанмен қарым-қатынас жасауға төрткүл дүние елдерiнiң ұмтылуының бiр себебi — ондағы тұрақтылық, либералды экономикалық саяси жүйесiнiң қалыптасуы дер едiм.

Жаныш РҮСТЕМБЕКОВ, Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi:

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын елорданы көшiру идеясына жұмылдырып қана қойған жоқ, көздiң жауын алар жаңа ғажайып қала тұрғызды. Бұл — аса iрi саяси, географиялық, экономикалық, тiптi геосаяси дәрежедегi өте көрегендiк шешiм болды. Астананың көркеюi мен Қазақстанның да алға басуы бiрге жүрдi. Астанадағы жаңа леп, тың жiгер, жасампаз қуат бүкiл елдiң қозғаушысы болып, Қазақстан қай салада да — экономикалық, саяси, әлеуметтiк, мәдени дейсiз бе, бәрiнде де тамаша жетiстiктерге қол жеткiздi.

Джеймс БЕЙКЕР, Америка Құрама Штаттарының бұрынғы Мемлекеттiк хатшысы:

Қазақстан басшысы — кеңес саясатындағы шешушi тұлға. Бiздiң ойымызша, Қазақстан — өзiнiң табиғи байлығына ғана емес, сонымен қатар Президент Назарбаевтың алысты болжар ұстанымына да байланысты Кеңес Одағында барынша маңызды республикалардың бiрi болып табылады.

Қасен ҚАШҚАВИ, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы бұрынғы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi.

Қазақстан — үлкен ел. Оның байлыққа толы жерi, байтақ өлкесi көз тартады. Жерасты қазынасы тұнып жатыр. Жағрапиялық орналасуы жағынан да қолайлы. Адамдарының бiлiм деңгейi жоғары. Саналы да сауатты адамдары көп ел еш уақытта артта қалмақ емес. Қайта бәрiнен iлгерiлеп, алға озып шығуы тиiс. Мен Қазақстанды Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтай аса дарынды басшының, көреген саясатшының, рухы күштi, ойлы президенттiң басқарып отырғанына үлкен үмiт артамын. Қазақстан әлi-ақ жан-жақты гүлденген, өркениеттi елге айналады. Бұл елдiң ертеңi арайлы.

Станислав БЕЛКОВСКИЙ, РФ Ұлттық стратегия институтының директоры:

ТМД кеңiстiгiнде АҚШ-тан, Еуроодақтан басқа да, бұрын болмаған ойыншылар пайда бола бастады. Айталық, Орталық Азияда бiрiншi болуға Назарбаев бастаған Қазақстанның үмiтi бар.

Назарбаев — еуроазияшылық идеясына сүйенетiн, қолында ұлттық даму тұжырымдамасы бар қайратты басшы.

Оның табысқа жету үшiн барлық мүмкiндiктерi бар.

Райнер ШЛАГЕТЕР, Германия Федеративтi Республикасының Қазақстандағы елшiсi:

2007 жылғы шiлдеде Германияның Қазақстандағы елшiсi ретiнде қызметiме кiрiстiм. Қазан айында Нұрсұлтан Назарбаевқа Сенiм грамотасын тапсырдым. Ашығын айтайын, елдiң саяси, экономикалық және қоғамдық бағытына байланысты батыл шешiм қабылдаған адаммен сұхбаттасу мен үшiн маңызды ғана емес, сондай-ақ, жан тебiрентер сәт болды. Тәуелсiздiк алғаннан бүгiнгi күнге дейiнгi қиын кезенде қол жеткiзген саяси және экономикалык көрсеткiштерiмен ел мақтанса да болады.

Сэм БАРОНИ, саясаттану докторы:

Қазақстан Республикасының тарихы бүкiл әлемде айтылып қана қоймай, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазiргi өте қауiптi жаһандық ядролық қатердi алып тастауға деген батыл да iзгi қадамы бейбiтшiлiктiң Нобель сыйлығымен аталып өтуге тиiс. Ұлы бiр адамның басшылығымен өркендеуге қол жеткiзу үшiн орасан қиындықтарды еңсерген ел ретiнде Қазақстан өнегесi жарқырай берсiн.

Шыңғыс АЙТМАТОВ:

Президент дегенiмiз — шексiз билiк иесi. Өз елiнiң тұтқасы, тәрбиешiсi. Қалған ел соған қарап бой түзейдi, iс iстейдi, сөз саптайды. Мен Қазақстан Президентiн сол шоғырдан көремiн.

Александр ДУГИН,Ресейдiң белгiлi ғалымы әрi саясатшысы:

…Назарбаев – iске ең қабiлеттi, ең жауапты саяси көшбасшы. Ол шын мәнiнде жаңа Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң кемесiн Сцилла мен Харибданың арасынан өткiздi. Ол үнемi еуразиялық мемлекеттiлiктiң бастамасын көтерiп, еуразияшылардың көшбасшысы болып келедi… Менiңше, оның миссиясы посткеңестiк кеңiстiктiң ыдырауына бастаған тарихтың бәзбiр мойынсұнуына қарамастан және соған керiсiнше тұруында, Назарбаев осынау үдерiске қарсы болып, баламалы сценарий ұсынумен келедi, бұлайша тек ұлы тарихи тұлғалар ғана әрекет ете алады.

Евгений ПРИМАКОВ, РФ Сауда-өнеркәсiп палатасының төрағасы:

Стратегиялық тұрғыда пайымдайтын мемлекет қайраткерi ретiнде Президент Назарбаев елдегi экономикалық жаңғырулардың жемiстi болуы шешушi дәрежеде сындарлы түзiлген әрi барынша салиқалы саяси бағытқа байланысты екенiн терең бағамдайды.

Президент Н.Назарбаев Қазақстан қауымының еуроазиялық тамыры шығыс, батыс, еуропалық мәдени ағыстарды ұштастырып, көп мәдениеттiлiктi тоғыстырудың бiрегей үлгiсiн жасауға жағдай жасайтыны турасындағы идеяны табанды жүргiзiп келедi.

Эдуард ШЕВАРДНАДЗЕ, Грузияның экс президентi:

Назарбаев — өте ақылды саясаткер. Өз мемлекетiнiң бағасын бiледi. Адамдармен қарым-қатынас орната алады. Өз елiнiң iшiндегi адамдармен ғана емес, басқа Республикалармен де жақсы қарым-қатынаста. Сондықтан президенттерiңiздi сақтаңыздар!

Джангир КЕРИМОВ, Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесi:

Мен оның "жаңа жағдайға бейiмделудiң таза теориясы" дегеннiң жасанды, бiржақты екендiгi жөнiндегi көзқарасын толық қолдаймын. Бұл көзқарастың мәнi қазiр екi сценарийге — кеңестiк және батыстық сценарийлерге ғана тән. Солай бола тұрса да қоғамның стратегиялық дамуы тұрғысынан алғандағы тәсiл түрлерi өте көп. Нұрсұлтан Әбiшұлының "Ұлттық идеяның ұлттық ерекше артықшылық идеясына айналдырылуы этностың өзi үшiн өте-мөте зиянды" деп айтуы да мейлiнше дұрыс. Кез келген қоғамның демократиялық жолмен дамуы интернационалдық қауымдастықты мойындау арқылы ғана мүмкiн болмақ.

Ву Тэк ЧАНГ, "Самсунг" корпорациясының президентi:

…Астанаға жиi келiп тұрғанды ұнатамын, келген сайын осы серпiндi қаланың даму қарқынына қарап үлкен әсер аламын.

Бұл ел Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен аса көрнектi табыстарға жеттi, оның әлемдегi энергия ресурстарын өндiрушiлердiң көшбастаушысы ретiнде таяу уақытта жаңа биiктерге жететiнiне ешқандай күмән жоқ.

Дж.Айткен, ағылшын жазушысы:

Назарбаев — өмiрдiң өзi өткелектен өткiзiп, әбден шыңдаған тұлға. Оның тағдырына шиыршық атқан уақыттың жүздеген жылдарда бiр қайталануы мүмкiн ұлы оқиғалары жазылды. Қазақстанның тұңғыш Президентiнiң өмiр жолы, мiне, осынысымен де қызықты әрi күрделi.

Алайда мен Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқы үшiн сiңiрген бәрiнен де үлкен еңбегi аса қиын жағдайда сан ұлттан құралған халқын соңына ертiп, олардың тарихи қалыптасқан достығы мен ауызбiрлiгiне сына қақтырмай, топтасқан күйiнде сын сәттен сүрiндiрмей алып шыққандығы, осының негiзiнде жас та тәуелсiз мемлекеттi құра алғандығы деп есептеймiн. Ұрпақтарға болашақ үшiн жол сiлтейтiн бұл құбылыстың Қазақстан тарихындағы маңызы өлшеусiз болып табылады және әлi талай айтылатын болады. Өйткенi, мемлекет құрылып жатқан сәтте оның болашақ тағдырын басқаша бағамдаған саяси тұлғалар да болған.

Серіктес жаңалықтары