ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПСIЗ ҚАЛДЫ

ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПСIЗ ҚАЛДЫ

ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПСIЗ ҚАЛДЫ
ашық дереккөзі
237

Кезiнде үш жүздiң басын қосқан Ордабасы тауы – бүгiнде Оңтүстiк Қазақстан облысындағы үлкен бiр аудандардың бiрi. Осы ауданға қарайтын көршiлес Бiрлiк және Жамбыл (ескi атауы Тоқболат) елдi мекендерi бар. Бүгiнде бұл екi ауылдың мектеп оқушылары сан жақта шашырап, босып жүр. Олай дейтiнiмiз, аталмыш екi ауылға ортақ Қосжан Мүсiрепов атындағы үлкен бiр мектеп бар едi.

Абай Валиев мырза басқарған бұл мектеп 2008-2009 оқу жылдарынан кейiн екi ауылдың балаларына, яғни мыңдаған оқушының өмiрiне қауiп төнiп тұрғандықтан жабылып қалған. Негiзi 1990-1991 жылдары қаланған бұл мектеп 20 жылға жетпестен құлай бастаған. Бұл деген мектептiң құрылысы қалай болса солай жүргiзiлген деген сөз емес пе?! Осы уақытқа дейiн ауыл мұғалiмдерi 1-9 сынып оқушыларын 3-4 ауысымда 4-5 бөлмелi ескi кеңседе амалсыз оқытып келсе, 10-11 сынып оқушылары 7-8 шақырым жердегi Көлтоған (Мамаевка) ауылына қатынап оқуға мәжбүр. Мүмкiндiгi болған бiрен-саран оқушы ғана Бадам елдi мекенiндегi С.Сейфуллин атындағы орта мектепке бiржолата жайғасқан. Небәрi бiр-екi жылдың iшiнде жаңа мектеп салынып, көпшiлiктiң көңiлiн жайландырады екен деген сыбыс шыққанымен, ауыл тұрғындарының жағдайын әзiрге ешкiм сұрай қойған жоқ. Ауыл жастарының бiлiм алуына толыққанды жағдай жасай алмасақ, келешегiмiзден не үмiт күтемiз?! Елбасымыздың "Ауыл жылдары", "Дипломмен ауылға", "100 мектеп, 100 аурухана" сынды мемлекеттiк бағдарламасы қабылданып жатса да, бұл екi ауылдың бағы әлi жанбай тұр.

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ, ХҚТУ-дың журналистика бөлiмiнiң 1-курс студентi

Серіктес жаңалықтары