ТОЛЫҚҚАНДЫ ШЕЖIРЕЛI-ТАРИХ ӨМIРГЕ КЕЛДI

ТОЛЫҚҚАНДЫ ШЕЖIРЕЛI-ТАРИХ ӨМIРГЕ КЕЛДI

ТОЛЫҚҚАНДЫ ШЕЖIРЕЛI-ТАРИХ ӨМIРГЕ КЕЛДI
ашық дереккөзі
282

Жақында "Алаш" тарихи-зерттеу орталығында Қазақ ру-тайпаларының тарих сериясымен шығарылған ХIII томдағы "Қаракесек бiрлестiгi" (Әлiм, Кете, Шөмекей) руларын қамтыған ғылыми негiзделген шежiре кiтаптың тұсаукесерi болып өттi. Оқырман қауым ХIII томға енген 4-шi кiтапты жылы қабылдап алып жатты.

"Алаш" тарихи-зерттеулер орталығы 2005 жылдан жұмыс iстеп келедi. Көптеген тарихшы ғалымдары топтастырған ұжымның атқарғаны мол. Тарихшы ғалымдар басқа да шежiрелердi жетiк бiлетiн кiсiлердiң қатысуымен оқырмандарға жол тартқан жаңа кiтаптың алғы сөзi ретiнде осы орталықтың президентi, тарих ғылымдарының кандидаты, "Алаш" тарихи этнографиялық ғылыми журналының бас редакторы Хайролла Ғабжалиловтың атқарып келе жатқан игi iстерi жайлы және ҚР Президентiнiң кеңесшiсi Игорь Романовтың тiлек-хаты да қоса берiлген.

Осы топтамдағы I кiтапта V тарау қарастырылған. Бiрiншi тарауында Қазақ ру-тайпаларының тарихы зерттеудiң теориялық-методикалық мәселелерi, II тарауда "Батыс Қазақстанның ежелгi тұрғындары", III таруға. Х-ХII ғасырдағы Әлiмұлы тайпасының тарихы, IV-V тарауында: Алтын орда және оның ыдырауы тұсындағы және қазақ хандығы дәуiрiндегi Алшындар болып жiктелуi, олардың арғы-бергi тарихынан сыр шертсе, қосымшаларда орыс деректерiндегi маңызды мәлiметтер мен есiмдер, этникалық көрсеткiштер қоса берiлген.

Осы сериялы кiтаптың II томы, VI тараудан басталып, Х тараумен аяқталған. Мұнда да Қаракесек тайпалық бiрлестiгi және XVII, XVIII ғасырдағы ұлт-азаттық күрестер, Ресейдiң отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күрестер, Есет пен Жанқожа батырлардың күрес жолдары және кеңестiк-тоталитарлық жүйеге қарсы күрестер баяндалған.

Қаракесек бiрлестiгiне қарасты үш тайпа туралы жазылған 3-шi кiтаптағы ХI тарау "Қаракесек бiрлестiгiндегi тайпалардың аймақтық қоныстануы, Әлiм, Кете, Шөмекей тайпаларынан шыққан тарихи тұлғаларға арналған. Онда Әйтеке би, Мөңке би, Шернияз, Тұрмағамбет ақындар мен қосымшалар бөлiгiнде ресейлiк деректерi мен есiмдер, этникалық, географиялық-топонимикалық атаулар көрсеткiштерiнiң тiзбелерi берiлген.

Осы аталған шежiре-тарихтың 4-шi кiтабында: Қаракесек (Әлiм) тайпаларының шежiресiне жалпы сипаттама, Кете ("Байсары", Алты ата Әлiм мен Шөмекей (Шөмен) тайпаларының шежiресi мен түрлi қосымшалар енгiзiлген. Мұнда республикамыздың әртүрлi аймақтарындағы тарихи құжаттар мен сирек кездесетiн кiтаптар және қолжазбалар сарапталып, талданып енгiзiлген. Елiмiздегi 300-ден астам ата-тек шежiрелерi сараланып және кейiнгi жылдарда шыққан шежiре жинақтары да назарда ұсталған. Оны көрсеткiштер есiмiнен аңғаруға болады. Екiншi бiр ерекшелiк деуге болар жайт – тарихи тұлғалармен айтулы билер, хандардың мөрлерi мен суреттерi берiлген.

Таразы талқысына түскен төрт кiтап Қазақ ру-тайпаларының тарихын және өздерiнiң ата-тек шежiресiн бiлуге құмар ұрпақтарды бей-жай қалдырмайды десек артық айтқандық болмас. Мұнда Кете (Байсары,) Әлiм, Шөмекей (Шөмен) 13 атаның арғы-бергi тарихи ұраны, таңбасы, көшiп-қонуы тағы басқа жағдаяттарынан суыртпақтап сыр-шерткен көне көмбелердi қазған шығармалардың қатарына жатқызуға болады. Бұл еңбекте тарихшы ғалымдар Т.Омарбеков, Б. Кәрiбаев, М.Ноғайбаева, Х.Ғабжалилов тағы басқалардың қолтаңбасы бар.

Тұсаукесерде ғалым жазушы С.Ғаббас, Ө.Күмiсбаев, Т.Тебегенов, С.Қорабай, Төлеуқажы Қосанов, Ж.Абылайхан, жазушы С.Елубай, осы жолдардың авторы мен басқа да кiсiлер сөз сөйлеп, өз ұсыныс-пiкiрлерiн ортаға салды. Ғалым, жырау Ұлжан Байбосынова мен Құрмаш Жүгiнiсов Сыр сүлейлерiнiң жыр-термелерiн асқақтата жырлады.

Тұсаукесердi ашып, қорытындылаған "Алаш" тарихи-зерттеулер орталығының президентi, ғалым Х.Ғабжалиев игi iстердiң жалғасын табатыны туралы сөз еттi.

Тынышбек ДАЙРАБАЙ

Серіктес жаңалықтары