ТӘҢIРТАУДЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ҚУРАП ЖАТЫР

ТӘҢIРТАУДЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ҚУРАП ЖАТЫР

ТӘҢIРТАУДЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ҚУРАП ЖАТЫР
ашық дереккөзі
263

Еуропа қою түтiн астында қалды

Исландия елiндегi Эйяфьялдаекюль жанартауының атқылауы бүкiл Еуропаны аяғынан тiк тұрғызған. Жанартау атқылауынан пайда болған әуедегi қою түтiннiң қауiптiлiгiнен Еуропа бiр аптаға жуық әуе қатынасын тоқтатуға мәжбүр. Әлемнiң әуе компаниялары күнiне 200 миллион доллар шығынға батып отыр. Ал бұл кезде жылдам кәсiп – гүл саудасы тiптен тыншып қалды. Дүниежүзiне қызғалдақты экспорттайтын Израиль, Голландия, Австрия елдерi бiрнеше күн бойы ұшақтың жоқтығынан гүлдердiң қурап жатқанын айтып, жанталасуда.

Бүгiнгi таңда гүл саудасымен күн көрiп отырған елдердiң басым бөлiгi Еуропада. Әуе кеңiстiгiнде пайда болған көк түтiннен бiрде-бiр ұшақ ескi құрлық көгiне көтерiле алмай қалған-ды. Ал күнделiктi өткiзудi талап ететiн үзiлген қызғалдақтар сарғайып, бизнес көзiн тұншықтырып жатыр. Гүл экспорттаушы елдердiң бизнесi жыл бойында тыным таппайды. Әлемнiң кез келген нүктесiне гүл тасымалдайды. Әсiресе, көктем мезгiлiнде сұранысқа ие бұл қызғалдақтар бiздiң елiмiзге де жеткiзiледi. Биыл елiмiзге Израильден – 426,6 мың, Германиядан – 71,2 мың, Голландиядан – 501 млн. доллардың гүлi жеткiзiлген.

Сонда бiзде гүл өспей ме? Гүл өсiретiн жер жоқ, су жоқ па? Мұның бәрi де бар. Ендеше неге шетелдiң гүлiне ұмтыламыз? "Гүл өсiру мен гүл саудасының мән-жайын ұғынғаны соншалық, импорттық гүлдер бiрнеше апта бойы суда тұра бередi. Ал бiздiң өзiмiз өсiрiп көрген гүлдерiмiз ары кетсе 1-2 күнге ғана шыдайды", – дейдi гүл сатушылары. Бiздiң климаттық белдеудi жерсiнбеген голландық раушан, қызғалдақ және хризантема гүлдерiнiң басым бөлiгi Еуропада өсiрiледi. Кейбiр деректер бойынша, елiмiзде кезiнде қызғалдақ гүлiнiң 1500-ден астам түрi болған. "Голландық тюльпан" атауымен әлемге әйгiлi гүл түрiнiң тұқымы Қазақстаннан жеткiзiлгенiн екiнiң бiрi бiле бермейдi. Жылына елiмiз 16 миллион АҚШ долларының гүлiн шетелден сатып алады. Қызғалдақтың отаны бола тұра, Қазақстанның шетелден тонналап гүл алғаны қай сасқаны? Бұл туралы Шерхан Мұртаза былай деп жазады: "…Далада жауқазын жоқ. Қызғалдақ шықпай қалды. Мұндай жағдай бұрын болмап едi-ау. Тәңiртаудың қызғалдағы дүниежүзiне даңқы шыққан. Қазiр Голландия өсiрiп, дүние жүзiне таратып, қымбатқа сатып жүрген гүлдiң түпатасы осы Тәңiртаудың "Грейг" аталып кеткен бiздiң елдiң қызғалдағы". Қазақстаннан алынған тұқым бүкiл әлемде сұранысқа ие. Отандық жылыжайларда азын-аулақ өсiрiлгенмен, сапасы жағынан гүл өсiруге бейiмделген голландықтарға есе жiберiп алады.

Айтқандай, алғашқы қардың еруiмен дүниеге келетiн жауқазын, бәйшешек гүлдерi қала маңынан 7 шақырымдық қашықтыққа алыстап кеткен. Оған себеп – адам қолымен үзiлген бәйшешектердiң гүл саудасындағы қымбат бағасы. Қоршаған ортаға келген зиянды ескерiп, Алматы қаласы әкiмшiлiгi бәйшешектердi жұлуға биыл тыйым салды.

Бiз тұтынатын өнiмнiң барлығы – импорттық, тiптi гүл дүкендерiндегi гүл де – импорттық. Аталмыш елдерден келетiн импорттық гүл туралы Елбасы Н.Назарбаев та 8-наурыз аналар мерекесi қарсаңында арулармен кездесуде айтқан-ды. Мерекеге орай 30 пайызға қымбаттайтын гүлдердiң ел экономикасына әкелiп жатқан шығындарын да назардан тыс қалдырмады. Әсiресе, 8-наурыз қарсаңында Астанаға шетелден 14 тонна гүл әкелiп, жалпы сомасы 164 мың долларға шығыпты. Бұл туралы гүл саудагерлерiнен сұрап көргенiмiзде гүл жеткiзушiлердiң өзiне де сырттан қымбатқа келетiнiн тiлге тиек еттi. Ал гүл жеткiзушiлер дегенiмiз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi агроөнеркәсiптiк кешенiнiң Мемлекеттiк бақылау комитетi тарапынан берiлетiн импорттық карантиндi рұқсат қағазы барлар. Гүл саудасының формуласы гүлдiң өз бағасы мен сыртқа экспорттау бағасы, екiншi, гүл жеткiзушiлер үлесi, үшiншi саудагердiң қосқан үстеме бағасынан тұрады. Голландияда бiр раушанның орташа бағасы – 1 еуро тұрады. Ал Қазақстанға жеткенше бұл баға мың құбылады.

2009 жылы – 990,5 тонна – раушан, 601,1 тонна – хризантема, 35,6 тонна – гвоздика, 8,1 тонна – орхидея жеткiзiлген. Гүл саудасындағы қызғалдақтан кейiн сұранысқа ие осы гүлдер. "Сырттан тасымалданатын гүлдердiң жұпар иiсi болмайды. Ал отандық гүлдердiң ұтатыны – иiсi ғана", – дейдi сатушы. Десе де, гүл саудасында өз жерiмiзде өсiрiлген гүлдер 10 пайызды ғана құрайды екен.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары