Көлсайда туристік автобус шатқалға құлап кетті

/
Көлсайда туристік автобус шатқалға құлап кетті
Скриншот

«Қазселденқорғау» қызметкерлері Алматы облысының тауларында құлаған микроавтобусты жедел түрде шығарып алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында болған, онда туристік шағын автобус тереңдігі шамамен 150 метр болатын шатқалға құлап кеткен. 

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік төменге сырғыған сәтте салон ішінде адамдар болмаған.

ТЖМ салдарды жоюға «Қазселденқорғау» қызметкерлерінің жедел түрде қосылғанын мәлімдеді.

«Жақын маңда жүрген және гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері оқиға орнындағы жұмыстарға жедел қосылды. Алматы облысы ТЖД күштерімен бірлесіп, көлік құралы жетуі қиын жерден сәтті шығарылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары