1029
ҚЫЗ-ҒҰМЫР – АНА-ҒҰМЫР
ҚЫЗ-ҒҰМЫР – АНА-ҒҰМЫР
Айтылар ән де, жазылар жыр да жаңаша болу керек сияқты. Өйткенi, тағы бiр көктем келдi ғой, өзiндiк лебiн, самалын соға. Қыз-ғұмыр, Ана-ғұмыр — оқылып бiтпейтiн кiтап. Олай болса, көңiлдi қыз қылығы, жүректегi ана мейiрiмi ешқашан сарқылмасын.
Өздерiңiз бiлетiндей, "Түркiстан" газетi жыл сайын 8-наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесiне орай қазақтың ақын қыздарының өлеңдерiн жариялайды. Биыл да сол дәстүрден жаңылмай, соңғы кезде әдебиет ауылына ендi-ендi қадам басқан арулардың жырларынан шашу шашпақпыз. Меркелерiңiзбен, аяулы ару, аналар! Құралай ОМАР (Алматы қаласы)Көрiнермiн жұмбақ тым…
Қиял – теңiз, тереңiне шын баттым. Өзiңiздi аңсадым. "Сiз" деп соққан жүрегiмнiң лүпiлiн Келiп едi тыңдатқым, Қымбаттым. Жоқсыз. Өзiмдi-өзiм алдадым. Тек күтумен күндерiмдi жалғадым. Келсеңiзшi… Құлақ тосшы… көкiректi жарған үн Сiзге арналған, ардағым. Естiмейсiз… жүрегiңiз құлақсыз… Көрiнбейсiз, бiр қалада жүрсек тағы жырақсыз. Сiрә, менi ұмытқан да боларсыз …Алтыннан да бағалысыз бiрақ сiз. * * * Көз жасыммен тұншықтырып күлкiмдi, Өттi күнiм… өткiземiн бұл түндi Жалғыз өзiм… Сезбедiңiз, Кеудемдегi кесек ет қызғаныштан бұлқынды. Жанар атты бұлтымды Ағыл-тегiл селдетiп, Оңашада отырам, айта алмай елге түк. “Өмiрiмдi ендi мен өзгертемiн” деп едiм, Жалғыздыққа оралдым, басқан iзiм кер кетiп. Қайтадан сол тiршiлiк… Бас шайқаймын "текке" деп. Жүрегiмнiң моншағын шашып алдым көкке кеп. Сүйенiшiм – қаламым, Аппақ қағаз – достарым, Тек солармен жұбанып, мұңайып Һәм өкпелеп Жыр жазамын түнiмен… * * * Телефон мүлде соқпаймын, Сағынсам да, бiлiңiз. Бар болсам да ендi жоқтаймын, Өлсе де iшiм – тiрiмiз. Көрсем… Өзiмдi соттаймын, Түсiме ғана кiрiңiз. Өзiммен өзiм егестiм, Өмiрiмнiң деп ем жырысыз. Аспанмен, Аймен теңестiм, Таппадым ба екен дұрыс iз? Мен сiзге ешкiм емеспiн, Сiз – жүрегiмдi алған ұрысыз. Сол ғана… * * * Шарафат РЫСБАЙҚЫЗЫ (Түркiстан қаласы)Өзiме еншi өмiрiм бар,
Өрге тартқан көңiлiм бар, Хаққа деген сенiмiм бар, Ауырым бар, жеңiлiм бар, Мен бақытсыз емеспiн! Алмағым бар, салмағым бар, Асқақ-асқақ арманым бар, Шындығым бар, жалғаным бар, Достарым бар, жауларым бар, Мен бақытсыз емеспiн! Асу берер асқарым бар, Ашылатын аспаным бар, Жиғаным бар, шашқаным бар, Қайыспайтын хас жаным бар, Мен бақытсыз емеспiн! * * * Тууын бiлiп, Сүруiн бiлмей, Жылуын бiлмей өмiрдiң, Суылын бiлiп, Тынуын бiлмей, Ұғуын бiлмей көңiлдiң, егiлдiм… Жағама келiп жармасқан жаудан Жығуын бiлiп, Ұруын бiлмей, жеңiлдiм. Ылаңын бiлiп, Ұнауын бiлмей, Шуағын бiлмей сезiмнiң, Құрауын бiлiп, Сынарын бiлмей, Ығарын бiлмей сөзiмнiң, езiлдiм. Сый еткен жалған Бақыттан, бардан Сұрауын бiлiп, Тұрағын бiлмей, безiндiм, Өзгесiн, Тәңiр, өзiң бiл!.. ЕСIМДЕ Баурап алған тiлсiз менi, Жүрегiңнiң дүрсiлдерi есiмде. Дымың құрып, құр сүлдерiң, Үнсiз ғана күрсiнгенiң есiмде. Бiр кесек ет дiр еткен күн, Есiмiңдi жыр еткенiм есiмде. Астарласып жүректегi үн, Арамыздан қыл өтпедi, есiмде. Бақытымның торы аттары… Әлдекiмнiң… Оқ… атқаны есiмде, Сосын… Сенi жоғалтқаным, Жанарымнан сор аққаны есiмде. Жүрегiмде сел көшкен күз… Ойылып қап тез өшкен iз есiмде, Қоштасатын болғаннан соң, Неменеге кездескенбiз? Несiне? * * * Динара МӘЛIКОВА (Астана қаласы)Көзiңiзден жоғалдым,
Көңiлiңде қалдым ба? Өзгешелеу боп алдым, Кiнәлiсiз алдымда. Түсiнгенiм – сағындым, Сүйгендiгiм – қателiк. Бұйрығыңа бағындым, Бiр-бiрiмiзге жат едiк. Жылу iздеп мұздадым, Кiмге керек бұл пәктiк?! Сезiнбейсiз қыз жанын, Сезiнгенiң бiр сәттiк!… * * * Күнәға жазба, Тәңiрiм, Тiрлiгiмнiң жарымын. Бұлайша өмiр сүргенiм, Жалғыз сенiң Әмiрiң. Суығына тағдырдың, Өлеңiмдi қалдырдым. Сүйенiп ап бiр күнi, Қабiрiмде қалғырмын. Шаттығыма шалқиын, Мәлiм саған бар күйiм. Құшағында Ғашықтың, Қиялымда балқиын. Кiмге керек қиялым, Арымды кiмге қиямын? Қара жердiң бiр күнi, Нүктесiне сиямын. Үмiтiмнен үркiдiм, Санамды ойдан сiлкiдiм. Бiреулерге – арманмын. Бiреулерге – күлкiмiн. Әйелдiкке олақпын, "Үйретем" дейдi шолақ күн. …Өлгендердiң ырысын, Ұрлап жүрген қонақпын!… * * * Сайран да салған сайран күн, Есiмдi алып елiткен. Көзiмнен ұшқан қайран күн, Қыз-жүрегiмдi жiбiткен. Талайдың көзiн сүрiнтiп, Көңiлiнде жүрген қыз едiк. Қабырғасын ердiң бүгiлтiп, Көкiргенде қалған күз едiк… Ернiне салып естелiк, Бал болып тамған сөздер-ай… Кездесуге де кеш келiп, Төзiмiн үзер кездер-ай… Жанына дерт боп жабысып, Жiгiтке болдық арман-қыз. Тәнiмен түн боп алысып, Әйел боп әзер қалғанбыз… …Жүректе қалды сызат-мұң, Уақытқа сендiк өтпелi. Жылайтын болдық ұзақ-түн, Аллаға айтып өкпенi… Ол мұңның бәрi мөлдiр ед, Махаббат едi желiсi… Бұл күнгi жарым кiм бiлед, …Сол сезiмдердiң жемiсi… * * * Шырын ТОЛҚЫНҚЫЗЫ (Алматы қаласы)Сен деп ойым толы мұң,
Жетелейдi басқа әлем, Мұны қалай жориын? Түсiмде көрдiм басқамен. Өзгерiпсiң, өр өңдiм, Жүзiң сондай шуақты. Сен бақытқа бөлендiң, Менi бiр мұң жылатты. Түс болса деп нанымды, Түсiмде тiлеп жатырмын. Жұбата алмай жанымды Таңды жылап атырдым. Күрсiнтiп кеуде тұсымды, Боз күрең күйге бой алдым. Ұшырып көңiл құсымды, Тұншығып жатып ояндым. Көңiлде мұң тұр сырғанап, Жүректiң жiбiп құлыбы. Тiрсегiмдi тырналап, Қызғаныш итi ұлыды. Сездiрмей сеңдей сезiмдi, Қалай тұр менде қыз-ғалам? Өңiмде түгiлi өзiңдi, Түсiмде жүрiп қызғанам. Кiнә артпа маған бiрақ та, Сыртыңнан саған сыздансақ. Жүрсе де қанша жырақта, Шын сүйген адам қызғаншақ. ФАНТИК Балалық шақ– балғын жырым жазарлық, Қиялшыл ек, қиялдан да тазардық. Мұнша қымбат боларын кiм бiлiптi? Апам әкеп беретiн сол базарлық. Әкелмесе апамның ол жазығы едi, Бар баланың ол бiр тәттi азығы едi. Базарлық деп бадырайтып айтқаным, "love is" – дейтiн сондағы бiр сағыз едi. "love is" – дейдi. Түсiнбеппiз мәнiн де, Ал әлемде жоқ тәттi оның дәмiнде. Қыз бен жiгiт суретi бар, бiлемiн, Фантик жинау мода болды бәрiнде. Оның өзi болды бiзге жеке еңбек, Жинадық тек бiр мақсатқа жетем деп. "Бар фантиктi құрастырып апарсаң, Ертегi ғып көрсетедi екен" деп. Жинаудың да бар едi өз әлегi, Фантик– ғашық қыз бен жiгiт әлемi. Ғашықтардың суретi бар фантиктен, Бiр ертегi күттiк бiздер әдемi. Бiреудiкiн бiреу келiп ұрлады, Бiрақ, соны ешкiм құрастырмады. Өткен өмiр бiздiң бала қиялды, Ұлы мақсаттарға ұластырғаны. Жүрген кезде қиял қуып жетегiн, Кiм бiлiптi өмiр зулап өтерiн? Ғашықтардың қосылуы өмiрде, Сирек орындалатын заң екенiн. Жинадық-ау, бiздер көп қып жинадық, "Сағыз алып бер" деп талай қинадық. Қыз, жiгiт боп есейсек те ендiгi, Көрмей кеткен ертегiнi қимадық. Балалық шақ, әттең, неткен келте едi! Бiлем,бiзге ендi оны өмiр шертедi. Қосылмаған ғашықтардың тағдыры- Аяқталмай қалған бiр-бiр ертегi. * * * Сәруар ҚАСЫМОВА (Қарағанды қаласы)Арманның елiн адақтап,
Кiтаптың бетiн парақтап, Тапжылмай отырам апталап, Көк қалам қолда, ақ парақ. Шабытты бiреу ноқталап Қойған ба? Сана сансырап, Шашылып жатыр сан сұрақ. Донор болшы, дүния! Талықсып, барам қансырап. Сергелдең сезiм албасты, Жiгерiме менiң жармасты. Ғашықтық келiп көңiлiмнiң Көктемiн құрсап, қар басты. Жiбершi менi еркiме, Төземiн қанша өртiңе? Көңiлiңде күмән қалмасын Мен адал жанмын сертiме. Сығалап бақыт тұр… шығар? Өз демiме өзiм тұншығам. Бұл күндер мендiк талайдың Ақ таңын күткен түн шығар. Сезiмнiң сiрә, куәсi — Иiлдi, тоба, өр басым?! Өзiң кеп, өзiң қорғашы, Махаббат пiрi қайдасың? * * * Сенi ұмыту деген сөз – Мына әлемдi топан судың басқаны, Сенi күту деген сөз – Қыз Жiбектiң Төлегендi тосқаны. Сен жылады деген сөз – Тамұқ түнге батқаны ғой аспаным . Сен жымиды деген сөз – Гүл боп бүршiк атқаны ғой жас жаным. Саған ұшқан арманым көк кептер боп, Қанат талды, бiрақ саған жеткен жоқ. Сезiмiмдi жiбергенмiн желкен қып, Өте алмады, барар жолда өткел көп. Ендi қайттiм, амал бiткен, шарасыз, Дел-құлы боп, түн күзетем санасыз. Айтшы қашан, менiң үнiм жеткенде, Iздеп келiп есiгiмдi қағарсыз? Сiз де менi сүйесiз ғой, ағасы?!…
Беттi дайындаған Жадыра НАРМАХАНОВА