Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысынан жеңіліп қалды

/
Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысынан жеңіліп қалды
Фото: sports.kz

Қазақстандық ММА шебері Еркебұлан Тоқтар Hype FC 28 турнирінде (Арменияның Ереван қаласында) өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Токтар қырғызстандық Марсель Нурланбек уулумен жекпе-жек өткізді. Жеңіл салмақта өткен кездесу ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша ұйымдастырылып, нәтижесінде қырғыз спортшысы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Еркебұлан Тоқтартың аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабына келсек, қазіргі таңда оның рекорды — 11 жеңіс және 3 жеңіліс. Соңғы ММА жекпе-жегін ол өткен жылдың тамыз айында өткізіп, екінші раундта ирандық Фарзад Гадериді (19-17) нокаутпен жеңген.

Ал қырғызстандық Марсель Нурланбек уулуның ММА-дегі статистикасы — 14 жеңіс, жеңіліссіз. Ол соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық Фарход Эргишбаевты (4-3) нокаутпен жеңген

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар