Түркістан облысында 6 жасар қызды мектеп оқушысы зорламақ болды деген ақпарат тарады

/
Түркістан облысында 6 жасар қызды мектеп оқушысы зорламақ болды деген ақпарат тарады
istockphoto

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында 6 жасар қызға 9 сынып оқушысының зорлық жасауға әрекет еткені туралы ақпарат тарады.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға Отырар ауданындағы ауылдардың бірінде болған. 

Қыздың анасының айтуынша, жоғары сынып оқушысы тарапынан алты жасар бүлдіршінге жасалған зорлық әрекетінің белгісі болғанымен, күдікті әлі күнге дейін қамауға алынбаған.

Осыған қатысты Түркістан облысы полиция департаменті Kazinform тілшісіне ресми түсінік берді.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, тұрғынның барлық уәждері тексеріліп жатыр.

Бастапқы тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы іс-әрекеттер анықталмады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары