ТӘУЕЛСIЗДIК ОСЫЛАЙ КЕЛГЕН!

ТӘУЕЛСIЗДIК ОСЫЛАЙ КЕЛГЕН!

ТӘУЕЛСIЗДIК ОСЫЛАЙ КЕЛГЕН!
ашық дереккөзі
471

Жұбан Молдағалиев:

— Геннадий Васильевич, мен мына сөздi Сiзге айтып отырмын. Менiң не айтатынымды мына отырғандар, менiң халқым, мында отырғаны бар, отырмағаны бар, бәрi бiледi. Жұмбағым жоқ менiң ешкiмге. Мен майданда қан кешiп келген адаммын. Ал, қазiргi ахуалымызды, қазiргi жағдайымызды жаңа келген Сiзге, жаңа адамға айтайын деп тұрмын. Сiз берi қарап менiң айтатынымды тыңдаңыз!..

Бұл қасiреттi көргенше, өлуiм керек едi. Өкiнiштiң үстiнде тұрмын. «Неге тiрi келдiм, неге сонда қалмадым?» деп. Сөйтуiм керек едi, мына қорлықты көргенше. Өзiмнiң астанамның үлкен алаңында балаларын итке талатып, танкiмен қуалап, қыздарды шашынан сүйреп қорлаған жағдайды көргенше, «мен неге өлмедiм» деп, түнiмен еңiреп жылап шықтым… Қазiр мұнда шыққанда мен бiлмеймiн жағдайымның қандай боларын. Бiз талайды көрдiк қой. Қазiр осы трибунадан мен қайтып орныма түсемiн бе, немесе мына жаққа қарай менi сiздердiң адамдарыңыз жетелеп әкете ме, мен бiлмеймiн оны. Бiрақ, кешегi алаңда қырылған жастардан түк айырмашылығым жоқ. Мен айтарымды айтып болып өлемiн, өлетiн болсам…

1986 жылы Жазушылар

одағының жиынында сөйлеген сөзiнен

Серіктес жаңалықтары