ОРТАҚ ТАРИХ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, ОРТАҚ КЕЛЕШЕК – ҰЛТТЫҚ БIРЛIКТIҢ НЕГIЗI

ОРТАҚ ТАРИХ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, ОРТАҚ КЕЛЕШЕК – ҰЛТТЫҚ БIРЛIКТIҢ НЕГIЗI

ОРТАҚ ТАРИХ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, ОРТАҚ КЕЛЕШЕК – ҰЛТТЫҚ БIРЛIКТIҢ НЕГIЗI
ашық дереккөзі

Кеше Шымкент қаласында ҚР Парламентi Мәжiлiсi жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелi отырысы өттi. Мәжiлiс Төрағасының орынбасары, Қоғамдық Палатаның жетекшiсi Сергей Дьяченко кiрiспе сөз сөйлеп, отырысты жүргiзiп отырды.

Аталмыш басқосуға Парламенттiң және облыстық мәслихаттың депутаттары, үкiмет мүшелерi, саяси партиялардың, этномәдени орталықтардың және үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi қатысты. Отырыста екi мәселе талқыланды. Оның бiрi – Қазақстанның ұлттық бiрлiк доктринасы жобасы, екiншiсi – Оңтүстiк Қазақтсан облысындағы көшi-қон процесiн басқарудың жағдайы мен өзектi мәселелерi.

Қоғамдық Палатаның отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен Оңтүстiк Қазақстан облыстық көшi-қон комитетi басқармасының бастығы Әбдiбақыт Мақұлбаев сөз сөйледi.

Сондай-ақ, басқосуда Қоғамдық палата Төрағасының орынбасары Мақсұт Нәрiкбаев «Қазақстанның ұлттық бiрлiк доктринасын iске асырудың құқықтық мәселелерi» деген тақырыпта, Қоғамдық Палатаның азаматтық қоғамды демократияландыру және дамыту жөнiндегi секциясының жетекшiсi Алтыншаш Жағанова «Конфессияаралық және этносаралық өзара байланыстағы толеранттық» тақырыбы бойынша баяндамалар жасады. Сонымен бiрге, белгiлi ғалым Мұрат Әуезов «Ортақ тарих, ортақ құндылық, ортақ келешек – ұлттық бiрлiктiң негiзi», ал, Досмұханбет Көшiм «Мемлекеттiк тiл – Қазақстанның болашағы» деген тақырыпта өз ойларын ортаға салды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары Бiржан Нұрымбетов «Қазақстандағы көшi-қон саясатының құқықтық қамтамасыз етiлуi туралы» баяндама жасады. Аталмыш баяндамадан кейiн, осы тақырып негiзiнде пiкiр алмасулар болды.

М. Әдiлханқызы